Мұнысы - тоймас қара жер жаман түсімді жалмап қойсын дегені

Скачать

Адамға қатысты ырым - тыйымдар
Адам. Халықтың тарихи дамуының барысында қарым - қатынас пен қоғамдық қатынасқа түсе отырып, ырым - тыйым сөздері арқылы рухани мәдениет пен этиканы қалыптастырды. Адамдарға қатысты ырым - тыйым сөздер:

Кісіге қарап есінеме
Есеп бер әр ісіңе, білу керек түсіне.
Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге.
Ондай - ондай баланы, ақыл - есі шамалы-

• Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.
• Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол көзі тартса – ренжиді.
• Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.
• Адамның иегі қышыса, бір жерден дәм татады.
• Адам түшкірсе Құдайға шүкір! дейді.
• Мойын құянның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.
• Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.
• Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т. б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады.
• Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.
• Мақтап жүретін адам тамақ үстіне келеді, ал жамандап жүретін адам дастарқан жиналғанда келеді деп санайды.
• Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
• Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.
• Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.
• Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.
• Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.
• Қазақ жек көрген немесе енді көрмесем деген адамның артынан бір уыс топырақ шашады.
• Жас адамдар басым ауырды десе, басына бас қосылады екен дейді.
• Біреу қайтыс болды деп естіп, кейін бұл хабар жалған болып шықса, ол адам көп жасайды екен деп ырымдайды.
• Жас адам ожаумен су ішсе жарының мұрны үлкен болады.
• Қазақ сәтті күн деп істі сәрсенбі күні бастайды. Сейсенбі сәтсіз күн деп, іс бастамайды.
• Түнде үрейлі түс көрсе, қазақ таңертең жерге үш рет түкіріп, Түс – түлкінің боғы деп, үш қайтара айтып түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды. Мұнысы – тоймас қара жер жаман түсімді жалмап қойсын дегені.
• Қазақ мүшел жасын жасырады, оны басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас – қатерлі жас. Тіл мен көз сұғынан сақтасын деген оймен жасын айтуға тура келсе, не асырып, не кемітіп айтады.
• Қазақ шашты далаға тастамайды, оны жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса, адамның басы айналғыш болады.
• Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрлаған адам аспаққа асылады, оның мойнына қыл арқан түседі деп сенеді.


Скачать


zharar.kz