Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі

Скачать

Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер
Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу, тіл байлығын дамыту, оқушылардың ертегі оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекіліктер, жартылай - ізденушілк.
Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, фашбаун, тірек сызба, генеологиялық ағаш.
Ресурстары: интерактивті тақта, 6 сыныптық оқулығы Тұрсынғалиева С. Ч., Қ. Әбдезұлы Арман ПВ баспасы 2009 жыл. Қазақ ертегілері жинағы Алматыкітап ААҚ 2004 жыл.
Мазмұны: 1. Ертегілер
Морфологиялық карта
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру: а) Амандасу ә) Түгендеу б) Ой қозғау
II. Тақырыпқа енгізу
Қане жауап ізделік
- Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
- Ауыз әдебиетін халық не үшін пайдаланған?
- Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
- Өзге халықтарда ертегілер бар ма?
- Ертегілер қалай басталып немен аяқталады?
- Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?
- Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал - мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?

1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.
- Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы жаман қолды болар
- Өнер алды – қызыл тіл
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
(әр қатарға 1 сұрақтан)

ІІІ. Өрмекшіні құру халық ауыз әдебиеті
(Тақтада халық ауыз әдебиеті . Тармақтарын оқушылар толтырады.)
Мақал - мәтелдер
Жұмбақтар
Батырлар жыры
Тұрмыс салт – жырлары
Аңыз әңгімелер
Төрт түлік туралы жырлар


Скачать


zharar.kz