Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Айгөлек балабақшасы
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Тіл дамыту
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларына
қамқорлық жасап, бағала Қайырлы таң, й білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, жұмбақтар, тақпақтар.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, үн таспа, әжейдің үйі,
Ермексаз, тақтайша, фланелеграф, мольберт тақтасы, желім,
Түбіт. Балалар әуен ырғағымен шығады.
Шаттық шеңберіне жиналу: Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, Жер - ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, балалар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Үлкенге де “сіз”,
Кішіге де “сіз”,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы:”Үй жануарлары”
- Балалар оқу іс - әрекетіміз аралас - саяхат сабақ.
- Балалар бүгін біздер балабақшамызға көрші тұратын Раушан әжейдің үйіне қонаққа барамыз. Әжейдің қорасындағы үй жануарларымен танысып, төлдерін тамашалап қайтайық.
- Олай болса, балалар жан - жағымызға қарап, табиғатты бақылайық.
Балалар тақтадағы суретпен жұмыс:
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Қыста ауа - райы қандай болады?
- Суық, салқын болады.
- Қыста не жауады?
- Қар жауады.
- Қыста қалай киінеміз?
- Жылы, қалың киінеміз.
- Дұрыс - ақ балалар, жарайсыңдар.
- Балалар, Раушан әжейдің үйіне де келіп қалыппыз ғой.
- Үйдің есігінің алдында не жатыр?
- Ит жатыр.
- Балалар, ит не істейді?
- Үйді күзетеді, қорғайды.
- Дұрыс - ақ
Әжей: Амансыңдар ма, құлындарым, қошақандарым!
Қош келдіңіздер!
- Әжей біздің бүлдіршіндерді сіздің үй жануарларыңызбен, оның төлдері, олардан алатын өнім - бұйымдарымен таныстыруға алып келдім.
- Әжей: Жарайсыңдар, ботақандарым! Мына ауламда жүрген үй жануарларым
ғой. Жылқым - құлынымен, сиырым – бұзауымен, түйем – ботасымен,
қойым – қозысымен, ешкім - лағымен, итім – күшігімен, мысығым – марғауымен.
- Балалар мына жануарларға әжей тамақ беріп, бағып – қағып өсіреді. Олар адамның күтімінде болады. Сондықтан оларды үй жануарлары деп атайды.
- Әжей: Құлыншақтарым менің, үй жануарлары бізге кисек - киім,
ішсек – тамақ, мінсек - көлік. Олардың жүні де, сүті де, терісі де,
мүйізі де, еті де, сүйегі бәрі де пайдалы.
- Балалар үй жануарларының бізге берер пайдасы көп екен.
- Әжей:- Ботақандарым менің! Немерелерім келгенде тапсырмалар беретін
едім. Енді сендерге де берейін. Мына жинаулы тұрған көрпелерді қой мен түйемнің жүнінен жасап едім.