Шиелі ауданы,
"№152 қазақ орта мектебі КММ"
Бастауыш сынып мұғалімі
Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы
Бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін жаңа технологиямен өткізу тәжірибем
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Бунақденелілер тірі табиғаттың бөлігі екендігін олардың тіршілігі, көбеюі, тірі - табиғатқа пайдасы туралы түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, тұжырымдама айта алуын, ой - өрісін, дамыту.
Тәрбиелігі: Бунақденелілерге деген қамқорлық көзқарас, қоршаған ортаны сүюге, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге, бір - бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Пайдаланатын педагогикалық технологиялар мен әдіс - тәсілдер:
Компьютерлік оқыту технологиясы,
түсіндірмелі,
иллюстративті,
сөздік,
топтық,
көрнекілік,
сұрақ - жауап,
ББҮ әдісі,
топтастыру әдісі,
ойын әдісі.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап - күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
Суретті тап ойыны
Шарты: Оқушы сурет таңдайды. Соның кез - келген екі бөлігін (цифрларды) таңдап, суреттің атын атайды.
1 - топ. Бақа суретті.
Бақа туралы өлең сұрау. Бақа туралы қысқаша айту. Қосмекенділердің көктемгі тіршілігі.
2 – топ. Балық суреті.
Балықтардың көктемгі тіршілігі.
3 – топ. Кесіртке суреті.
Кесірткенің көктемгі тіршілігі.
4 – топ. Жылан суреті.
Жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.
Оқушылар сұрақ қойып, бір - бірін бағалайды
"Суретті тап" ойыны
(Бақа, балық, жылан, кесіртке) суреттері көрсетіледі
Жануарлар әлемі
Өз мекенін тап
Шыбын ауру таратады.
Ол адамдарға сүзек, дизентерия ауруын жұқтырады.
Маса. Олар су жағасында тіршілік етеді.
Безгек, тері ауруларына жол береді.
Көбелек гүлдерді тозаңдандырады.
Тозаңданбаған өсімдік жеміс пен тұқым бермейді.
Аралар бір ұяда 15 - 30 мыңға дейін тұрады.
Оның уын дәрі ретінде пайдаланады.
Шегіртке жұмыртқасын жапырақ, шөп арасына, топырақ арасына салады.
Оқулықпен жұмыс
Мәтін бөліктерге бөлініп, сұрақтарымен қоса беріліп төрт топта талданады
Есіңде болсын!
Дернәсіл - жәндіктер мен жануарлардың белгілі кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан сатысы, әлі есеймеген баласы.
Сергіту сәті
- Жадырап жаз келді. Көбелекке ұқсап ұшайық.(Қолдарын сермейді.)
- Көбелек әдемі гүлдерді көрді. Гүлге көбелек болып қонамыз.(Отырады.)
- Орманда жүрміз. Араның ұясын көрдік.
- Байқамай араның ұясын бұзып алдық. Арадан қорқып қашамыз.(Орнында жүгіреді.)
- Жүгіріп келе жатып, құмырсқаның илеуін кездестірдік. Құмырсқалардың тіршілігіне қарап таң қаламыз.(Бастарын шайқау).
- Сол сияқты еңбекқор боламыз. Сабағымызды жақсы оқимыз ба?
- Иә, жақсы оқимыз.(Басын шұлғып отыру).
Компьютермен жұмыс. (Топтарға тапсырма беріледі).
I топ. Бунақденелілердің пайда келтіретіндерінің суретін салады.
Қанқыз. Шаншар. Ара. Құмырсқа. Өрмекші. Көбелек.
ІІ топ. Бунақденелілердің зиян келтіретіндерінің суретін салады.
ІІІ топ. Топтастыру әдісі.
IV топ. Бес жолды өлең.(Жәндіктер)
Ойын: Ағаштарды құтқару
Шарты: Сұраққа жауап берсек, жұлдызқұртты құсқа береміз.
1. Бунақденелілерді ата.
2. Олар жұмыртқасын қайда салады?
3. Дернәсілдері қандай зиян келтіреді?
4. Шаншар мен қанқыздың өсімдікке қандай пайдасы бар?
5. Дернәсіл деген не?
6. Қосмекенділерді ата.
7. Жануарлардың топтарын ата.
8. Бунақденелілердің дене құрылысын ата
Хормен:
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Жан - жануарлар аман болсын!
Бәріміз аман - сау болайық!
Тыңдағандарыңызға рахмет!