Еліктеу сөздерді тауып, құрамына қарай екі топқа бөліп жазыңдар

Скачать

Еліктеу сөздер туралы түсінік
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінік беру, тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру еліктеу сөздер туралы түсінік беруп, алдыңғы тақырыптармен байланыстыра оқушы білімін бекіту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, дүниетанымын күшейту, ой - өрісін кеңейту, сөйлеу тілін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін - өзі басқаруға, бір - бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге, өнер мен өнер адамдарына еліктеуге табиғат әсемдігін ұғынуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Типі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, бейнелеу, кестемен жұмыс.
Көрнекілігі: плакаттар, күн, гүл, құлын, қарлығаш бейнелері, ребус, плакаттар, жануар бейнелері.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдебиет

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу, түгендеу
Ә) сынып тазалығына мән беру
Б) Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару

ІІ Жаңа сабақ
Көктем туралы эссе. Оқушыларға оқыту. Оқушылар біз Көктем жөнінде өз эссемізде айтып өттік. Енді сол Көктемнің әсем бейнесін құраймыз. тілек айту. Мінеки балалар ыстық лебізден әсем табиғат құралды Мен де бүгін есімдеріңді атамай көктем құбылысына, әсемдігіне теңеп айтамын.
Оқушылар мына ребусты шешейік
Жауабы: Еліктеу сөз
Ал енді оқушылар Еліктеу деген ұғымды қалай түсінеміз? Әрине жарайсыңдар. Мәселен, Абай Құнанбаевқа еліктеп ол кісінің бойындағы ізгі қасиеттерді бойына сіңірген азаматтарымыз биіктен көрінуде. Біз табиғат үнін естідік пе? Ал енді оқушылар тақтадағы табиғат бейнесіне қарап сөйлем құрайықшы. Өз қиялымызға еркіндік берсек керемет ойлар тудырады. Мәселен, көктем мезгілінде күн жарқ - жұрқ етеді.
Енді өзіміз Еліктеу сөз дегенге ереже шығарып көрейік.(Оқушылар ойы тыңдалады)
Айналадағы әртүрлі құбылыстардың дыбыстарына, құбылыстарына қимыл - әрекеттеріне еліктеуден туған немесе қимыл әрекетті бейнелеп тұратын сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
Құрамына қарай: дара, күрделі
Мағынасына қарай: еліктеуіш, бейнелеуіш
Тұлғасына қарай: Негізгі, туынды
Жаттығу жұмыстары:
322 - жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, құрамына қарай екі топқа бөліп жазыңдар. Құмды жерде болып көргендерің әсерді толықтырыңдар, не басқа табиғат құбылыстарын бейнелеңдер.
Дара: гүріл, сұлқ, сыңғырлап, сыбдырлап
Күрделі: тым - тырыс, азан - қазан, астаң-кестең, жалт - жұлт

Сергіту сәті
Табиғат неткен керемет,
Аралар жүр з - з - з деп
Тоқылдақтар тоқ - тоқ боп
Қол соғамыз топ - топ боп
Ішіндегі еліктеу сөздер оқылмай оқушы әрекеті арқылы жасалады.
323 - жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, түрлерін анықтаңдар.
325 - жаттығу. Кестені толтырып, суреттелген оқиғаға байланысты еліктеу сөздерді қалай қабылдағандарың жөнінде өзіндік түсініктеріңді жазыңдар.
Ойнайық та, ойлайық!
Үш қатардан үш оқушы шығып плакаттағы суреттер ұстап соларға қарап, еліктеу сөз арқылы жеткізеді. Қалған оқушылар оны тауып беруі керек.
Берілетін жануарлар: ит, аю, қыран

ІІІ Қорытындылау
Жаңа сабақта құралған гүл бейнесі
ІҮ Үйге тапсырма
324 - жаттығу
Ү Бағалау
Мадақтау әдісі бойынша бағалау


Скачать


zharar.kz