Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал - мәтелдер
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
***
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
***
Жігіт көркі - өнер.
***
Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем.
***
Ата өнері - балаға мұра.
***
Ұстаны соққан пышағынан таниды.
***
Шеберлікке шек жоқ.
***
Қазаншының өз еркі
Қайдан құлақ шығарса.
***
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
***
Киім пішсең кең піш,
Тарылтуың оңай.
Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
***
Өнерліге есік ашық.
***
Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
***
Шебердің қолы көпке ортақ.
***
Қалауын тапса, қар жанар.
***
Болат біз қап түбінде қалмас.
***
Алтынды ала білген бөле де біледі.
***
Еңбек ептілікті сүйеді.
***
Өтпес пышақ қол кесер.
***
Өнерлінің өзегі талмас.
***
Өнерпаздың он қолы бар.
***
Қол өнері - кілемде,
Сөз өнері - өлеңде.
***
Оймақ пішсең де ойлап піш.
***
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
***
Ерінбеген етікші болады,
Ұялмаған өлеңші болады.
***
Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.
***
Шеберді шеге қағысынан таны.
***
Өнерлінің өрісі ұзақ.
***
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
***
Асыл тастан шығады,
Өнер жастан шығады.
***
Өнер өрге жүзгізеді.
***
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
***
Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.
***
Темірге тіл, жаңқаға жан бітіретін.
***
Етікші бізге жарымас.
***
Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
***
Ерінбеген етікші болады.
***
Өнерліге өлім жоқ.
***
Етікшіні балға мен бізі асырайды,
Егіншіні кетпенінің жүзі асырайды.
***
Етікшінің кебісі өкшесіз.
***
Темірші көміршіге үйір.
***
Шапқылағанның бәрі шабаңдоз емес.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет.
***
Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.
***
Тамызығын тапсаң, тас та жанады.
***
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.