Сабақ оқып отырғаны нешеу

Скачать

1 класс
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
Мақсаты: Ата - аналарға оқушылардың білім деңгейін көрсету, төрт түлік туралы алған білімдерін пысықтау, өрнектерді салыстыру, оқу, шапшаң есептеуге дағдыландыру, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау
Көрнекілігі: суреттер, слайд
Әдіс - тәсілдері: талдау, жинақтау, салыстыру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Әр оқушы өзін таныстыра отырып, есімінің
1 - әрпінен келетін сын есім айту.
- Олай болса, балалар, бізге қонаққа кімдер келіп отыр?
- Ата - аналарымызға күнде оқып жүрген білімімізді көрсетелік.
2. Негізгі бөлім.
- Алдымыздағы кеспе қағаздағы берілген сөйлемдерімізді оқып шығайық.
- Енді жұмбақ жасырамын:
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
2. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (Сиыр)
3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Міңсең қанат, сүті дәрі, еті - тамақ.(Жылқы)
4. Иір - иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер - тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
- Бұлар нелер?
- Төрт түлік туралы мәтінге назар айдарайық:
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Ішсе - асы, кисе - киімі, мінсе – көлігі, сүтін емдікке пайдаланған. Қазақ халқы төрт түліктің бабын жасаған.

Төрт түліктің бірі - түйе. Ол - қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен киім тоқыған. Сүтінен шұбат жасаған.

Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, жүйрік, тұлпар, арғымақ деп атаған. Жылқының сүтінен қымыз ашытқан.

Сиыр малы момақан, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік - осы сиырдың берген берекесі болған.
Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.

Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата - бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.

Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады.

Ненің қорегі? (дүниетану сабағына байланысты тапсырма) сәйкестендіру.
- Тоқылдақ туралы не білеміз?

- Тоқылдақ туралы сергіту сәтін жасайық
Орманның біз емшісіміз,
Тоқ - тоқ - тоқ.
(партаны 3 рет ұрады)
Құрт біткенді жоқ етеміз
Жоқ - жоқ - жоқ.
(жоқ дегенді қолмен көрсетеді)
Жоқ - жоқ - жоқ,
Тоқ - тоқ - тоқ.(қимылмен көрсетеді)
Көру, есте сақтау диктанты.
Жайлауда.
Атам жазда жайлауда болады. Онда сиыр, қой, жылқы бар. Мен қозы бақтым.(12сөз)

Бақылау диктанты.
Достар.
Айгүл мен Назгүл бірінші сыныпта оқиды. Екеуі дос. Олар сабаққа бірге дайындалады. Назгүлдің әкесі екеуін мұражайға апарды.

Сергіту сәті.
Түн. (балалар партаға жатады, мұғалім 4 рет партаны тоқылдатады)
Күн.(балалар ұйқыдан тұрады) – мен неше рет тоқылдаттым?
Түн (мұғалім 3 рет шапалақтайды)
Күн. – мен неше рет шапалақтадым?
Сандар өрнектер туралы қай сабақтан үйренеміз?
Олай болса математика дәптерімізді ашайық.
1 - тапсырма. Сандардан өрнек құрастыру, оларды оқу.
2 - тапсырма. Логикалық есептер.
1. Салтанат екіде,
Бақытжан жетіде,
Екеуін қосып шыққаның
Сәулеттің жасын ұққаның

Білгің келсең егер сен,
Сәулеттен 3 жас шегерсең,
Қиын емес онша да
Сағаттың жасы соншада.(6)
2. Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?(2)
3. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)
3 - тапсырма. Сөз есепті талдау.
Кластың ішінде 10 есек сабақ оқып отыр еді. Оның 3 - еуі ұйықтап қалған.
Сабақ оқып отырғаны нешеу?
4 - тапсырма. Сандар мен өрнектерді салыстыру.
5*6
4*3
1+2*4
2+3*5
6*8 - 2
Қорытынды.
Бағалау.
Үйге тапсырма.

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қ ой
2. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (Сиыр)
3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Міңсең қанат, сүті дәрі, еті - тамақ.(Жылқы)
4. Иір - иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер - тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

- Бұлар нелер?
- Төрт түлік туралы мәтінге назар айдарайық:


Скачать


zharar.kz