Менің ауылымның келбеті Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым

Скачать

Менің ауылымның келбеті
Кіндігімнің жас қаны,
Тамған жерім ауылым.
Шабытымның асқары,
Самғаушы еді ауылым деп ,- ақын ағамыз жырлағандай ауыл деген сөзді естігенде менің өне бойымды қуаныш кернейді. Мен тұратын ауыл Нұркен Әбдіров батырдың атымен аталады. Ауылымыз Қарқаралы ауданының оңтүстік - батысында орналасқан. Менің атам мен әжем, әкем мен шешем осы ауылда туып - өскен. Менің де балалық шағым осы ауылда өтіп келеді.

Атам маған ауылымның қалыптасу тарихы жөнінде үнемі әңгімесін айтып жүретін. Сол кісінің айтуы бойынша Жарлы өзенінің бойында алғашқы кезде он екі колхоз болған. 1944 жылы Совет колхозына Совет Одағының батыры, даңқты ұшқыш жерлесіміз Нұркен Әбдіров атамыздың есімі беріледі.

Ауылымыздан қаншама ғалым, ақын - жазушылар шыққан. Ерте кездегі халықтың тұрмыс - тіршілігі жөнінде әңгіме жүргізетін ата - әжелерімізде ауылда тұрады. Жаз айларында анам дайындаған сүт - айран, құрт - ірімшік, сүзбесін жеп, ата - әжелеріміздің ертегі, жырларын тыңдап келеміз.

Ауылымыздың табиғаты ерекше. Кішкентай кезімнен ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Жер бедері жазық. Дәл ортасынан Жарлы өзені ауылды екіге бөліп, ағып шығады. Ауылдың шет жақтарында қайың, қөктерек өседі.

Жаздың жылы күндері балалармен суға шомылып, көк майса шөпте ойнаймыз. Ата - анамызбен жидек теруге барамыз, табиғатқа саяхатқа шығамыз.
Қазіргі кезде Жарлы өзенінің тартылуы байқалуда. Әр түрлі қорғау шаралары жүргізілмегендіктен өзен ластануда.

Ауылымызда мәдениет үйі, кітапхана, ауыл амбулаториясы жұмыс жасап тұр. Орталықта мешіт орналасқан. Еліміз бойынша атап өтілетін барлық мерекелік шаралар жоғары деңгейде өткізіледі. Оған біздер де қатысып, өз үлесімізді қосамыз. Ауылымның тарихы жөнінде әлі де болса көп мәлімет білгім келеді. Мектебімізде ауылдың, мектептің тарихы жөнінде деректерге бай тарихи - өлкетану мұражайы жұмыс жасайды. Сабақ кездерінде осы мұражайдан білгіміз келген мәліметтерімізді аламыз.

Елбасымыз ауылды – ұлттың ұйытқысы, алтын бесігі ,- деп айтқан. Мемлекетіміздің тірегі, іргетасы ауылда. Ал, біз - еліміздің ертеңіміз. Мен өз ауылымның дамып, көркеюіне үлесімді қосқым келеді. Ауылымды өте жақсы көремін.

№ 10 Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
КММ - ның 4 сынып оқушысы Актанов Саят
Жетекшісі: Машкеева Шарбат Амангельдыевна
Шығарма: Менің ауылымның келбеті жүктеу


Скачать


zharar.kz