Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
№4 Шұбарқұдық орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Тампилова Жайнагул
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелек ауданы. Шар.
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты: π саны туралы түсінік беру, шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын табуды үйрету және шар мен сфера туралы түсінік беру
Дамыту мақсаты: Оқушылардың ойлауын, кеңістік денелерін елестету және теориялық білім нәтижелерін есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Формулалармен есеп шешімін іздеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді хабарлау, икем мен дағдыларын жетілдіру сабағы
Сабақ көрнекілігі: карточкалар, интерактивті тақта, глобус, шариктер.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, жалпылай сұрақ беру, практикалық.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, география, тарихи мағлұматтар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын қайталау, ауызша сұрақтар қою.
3. Жаңа сабақты баяндау
4. Деңгейлік тапсырмалар
5. Сергіту сәті
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақты кітаптағы мысалдар арқылы, олардың шығару жолдары арқылы түсіндіремін. π санының қандай сан екеніне тоқталамын.
Алдыменен интерактивті тақтадағы суреттерге тоқталайық.
Бұл суреттен қандай айырмашылық байқағандарын тыңдаймын да Венн диаграммасын толтырамын.
Дөңгелекте аудан, ал шеңбердің ұзындығы болатынына көңіл аудартамын.
Дөңгелектің ауданы мен шеңбердің ұзындығын анықтағанда π саны өте қажет. Бұл санды бәріңе де белгілі, ежелгі грек математигі Пифагор ашқан. Бұл сан шеңбердің ұзындығының оның диаметрінен қанша есе үлкен екендігін көрсетеді. π - дің жуық мәні – 3, 14. Көбінесе есептеулерде π - дің мәні шектеусіз ондық бөлшек, әрі иррационал сан болған соң жоғарыдағыдай 3, 14 саны түрінде қолданады. Енді назарларын интерактивті тақтадағы формулаларға аударамын.
Бұл формулаларды қолданып алғашқы үш жаттығуды шығарып көрсетемін.
Карточкамен есептер шығартамын.
Енді мысалдар келтіре отырып шар мен сфера жөнінде түсінік беремін.
Мысалы: глобус, шариктер, доп және т. б. Ал шардың беткі қабаты - сфера. “Сфера”- грек сөзі, қазақша “доп” дегенді білдіреді.
Жаңа сабақты пысықтау үшін деңгейлік тапсырмалар орындалады.
5. Енді сергіту жаттығуларына кезек келді:
1. Төмендегі фигуралардың қайсысына іштей шеңбер салынбайды?
2. Мына сөздердің ішіндегі артық сөз:
a) Глобус ә) Дискі б) Доп в) қарбыз
3. Бөренені жатқызып тіп - тіке кессек қиындысында қандай фигура, ал тұрғызып тіп - тіке кессек қиындысында қандай фигура пайда болады?
Үйге тапсырма:
“Шеңбер” және ”Дөңгелек” сөзжұмбақтарын құрастырып келу, өтілгенді қайталау.
Толық нұсқасын жүктеу