Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар

Скачать

Тақырыбы: Ұстазым – алтын діңгегім
Мақсаты: Ұстаз деген ұғымды жан - жақты түсіндіру, ұстаз атаулыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбектерін бағалап, сыйлап, қадірлеу сезімдерін ояту.
Формасы: әдеби - сазды кеш
Көрнекілігі: ұстаз портреттері, нақыл сөздер
Өткізілу барысы:

(Сахна сыртында айтылады.)
Көкжал мінез қазақтың жүрек құсы,
Таңғажайып тұғырды тілеп мысы.
Қарсы алыңдар жанартау жабықпайтын,
Қаражорға елімнің тректісі.

Би Қаражорға орындайтын бишілер тобы.

Дастан: Шыдамы шексіз. Көңілі кексіз, еңбегі ерен, білімі терең ардақты ұстаздар қауымы, (бірге) АРМЫСЫЗДАР!
Сая: Қайырлы күн, аяулы ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, бізді білімнің кәусар бұлағынан сусындатқан ұлағатты ұстаздар, Ұстазым – алтын діңгегім атты мерекелік кешімізге (бірге) ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!

Дастан: Сіздермен бірге мен Дастан және Сая
Сая: Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға
Сіздерменен тола берсін ортамызда
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда.

Дастан: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Сая: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды! (бірге)

Дастан: Құрметті ұстаздар, жаныңызға шуақ шашар сәулелі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз.

Сая: Халықтың нұрлы ертеңі үшін ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын. Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтары болып өссін!

Екеуі бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
Сіздердің құрметтеріңізге айтылатын ән Тілек орындайтын Жандос

Дастан: Әл - Фараби: Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек - деген. Байқайсыздар ма, бұл сөздерден біз Айна апайдың бейнесін көреміз.
Сая: Айна апай, жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.

Асыл қасиет жас жүрекке сенсеңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз.
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет еттіңіз.
Үстем болсын әрқашан мерейіңіз!
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін сөзді мектеп анасы Айна апайға береміз.

Ән Ұстазым менің орындайтын Мақсат және.... өздеріңіз тауып аласыздар.
Дастан: рақмет
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Бишілердің билерін көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер!

Өзбек биі Кизлари бишілер тобын қошеметпен қарсы алайық.
Дастан: ортаға Назеркені шақырайық!

Өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер ата - анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады. Олай болса, аяулы ұстаздарым, сіздерді бәріміздің қамқорымыз деп мақтан етеміз!

Сая:
Ұрпақпен өмір жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән - шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Әкімшілік сіздерге арналады.

Ән орындайтын Жанат және өзіміз тауып аламыз!

Сая: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Дастан: Дұрыс айтасың, Сая! Ұстаз Деген қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. Ұстаздан тәрбие алған немесе Ұстаз алдын көрген деген сөздер ана тәрбиесін алған деген сөздермен ұштасып жатады.

Сая: Иә, Дастан, ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Дастан: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Олай болса, әнге кезек берейік. Саяның орындауында Ана туралы толғау әнін қабылдаңыздар.

Попурий Мақсат пен Нұрсұлтанды қарсы алайық.

Сая: Дастан, ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
Дастан: Ал, ендеше баста.
Сая: Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау
Дастан: Ұстазға қарап шәкірт өседі
Сая: Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр
Дастан: Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла
Сая: Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Дастан: Сая, екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, сөз кезегін шәкірттеріңізге берейік.

Дана: Ұстаз... оңашада отырып, ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі. Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі.. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.

Гүлия: Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін. Ұстаз - әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл - әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Дана: Қымбатты біздің ұстаздар, алтын күздің аясында жарқыраған жүздеріңіз бізбен бірге мәңгілікке қалмақ. Сіздер сияқты мәуелі бәйтеректерден тамырланып, мектеп бітірер сәтте сан тарапқа қанат қағамыз.

Гүлия; Біздің аяулы мектебімізде білімнің қайнар көзіндей болған ұстаздарымызды еш уақытта ұмытпаймыз.

Дана: Егер суретші болсам, ең әсем бейнені ұстазға арнаймын.
Гүлия: Егер сәулетші болсам, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға саламын.
Дана: Егер сезімді бойлайтын ақын болсам, нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы ұстаздарға арнар едім.
Гүлия: Егер жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді аяулы ұстаздарымызға арнар едік.
Дана: Олай болса, Мақсат ұлдарыңызды ортаға шақырайық. Ән Асыл ана

Сая: Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға,
Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.
Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған,
Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Дастан: Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекесіз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осыменен аяқталды мерекеміз

Азаматтың орындауында Ұстазым әнін қабыл алыңыздар.


Скачать


zharar.kz