Балалар ойын ойнағанға қалай қарайсыңдар

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сабыр түбі – сары алтын
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сабырлылық , ұстамдылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеті: 1. Сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру;
2. Жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. Ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: АКТ, үнтаспа, қобдиша, жүрекше, үлестірме қағаздар, маркерлер

Сабақтың барысы: I. Шаттық шеңбері.
- Біз бір - бірімізді заттардың, жан - жануарлардың атымен таныстырайық. Мысалы: Мен бұлбұлмен, әсем дауысыммен ән сыйлаймын, әрі қарай сендер жалғастырасыңдар...
- Жарайсыңдар, балалар! Дүниедегі барлық қыбырлаған жәндіктен бастап, барлық жан - жануарға дейін, бір - біріне пайдасы бар екен, бірінсіз - бірінің күні жоқ екен.
- Жақсы, балалар, енді орнымызға отырайық.

ІІ. Жаңа сабақ
1) - Балалар экранға қарап мына ребусты шешіп көрейікші. Ребусты дұрыс шешсеңдер, сабақтың тақырыбын білесіңдер!
- Кәне, кім шешті?
- Ендеше біздің сабағымыздың тақырыбы Сабыр түбі – сары алтын - деп аталады екен. Ал, сабағымыздың мақсаты: сабырлылық, ұстамдылық сияқты адами қасиеттерді кеңейту.
2) Талап пен ақыл Шәкәрім өлеңі.
- Балалар, мен, сендерге бір тамаша өлең оқып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар!
Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық,
Қолы жетпей талай жан ызданады,
Осыдан көп шығады адамшылық.
- Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер?
(Әр істе шыдамдылық таныту 1 - 2 пікір)

ІІІ. Мәтінмен жұмыс Жан жарасы жазылмайды
- Қазір балалар, мен сендерге тамаша бір әңгіме оқып беремін. Мұқият тыңдап отырыңдар. Мәтін соңында қоятын сұрағым бар.
 Ертеде бір қарияның, ашушаң, ұстамсыз ұлы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде суырып аласың,- дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе - күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқанның жеңіл екенін түсінді.
Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі бағанға жетелеп әкеліп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық - шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық - шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, сабырлы бол балам,- дейді.

1. Әкесі баласын сабырлы болуға қалай үйретті?
2. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның жан - дүніесі осы баған сияқты шұрық - шұрық болады дейді - неліктен, балалар?
(бүтін ағаштың өзі шұрық - шұрық болып тесіледі. Ол адамның жаны ауырады, көңілі түседі, жүрегі ауырады, кешірім сұраса да, көңілдегі жара жазылмайды...)
3. Ашуды ақылға жеңгізе біл - дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Қарияның ашушаң ұлы түбінде қандай адам болады?
5. Осы әңгімеден кейін ойларыңа не түйдіңдер?
(біреуді ренжітпеу керек, қанша кешірім сұрасаңда, ол адамның жан - жарасы жазылмайды, ашулану оңай, ақылға келу қиын, ашуланғанда кез - келген нәрсені бүлдіріп алуың мүмкін.)

ІV. Жаңа ақпарат
- Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін - өзі ұстай білу - сабырлылықтың белгісі.
- Ал, енді балалар, мәтінге не жетіспей тұр?
(тақырыбы, авторы жоқ)
- Ал өздерің бұл мәтінді қалай атар едіңдер?
Аңыздың авторы болушы ма еді?
(Ақылды қария, ұстамсыз бала... )
- Оқулықта бұл мәтін қалай аталатынын білгілерің келе ме?
( Жан жарасы жазылмайды деп аталады екен)

V. Ойын - жаттығу Неге ұқсатамын?
- Балалар ойын ойнағанға қалай қарайсыңдар!
- Ал кәнеки, балалар, ашуланып тұрған адамды неге ұқсатасыңдар?
- Мына алдарыңдағы параққа әр қатар өзара ақылдасып ашуланып тұрған адамның бет - жүзін бейнелеп жіберіңдер.
(Найзағай, түнерген бұлт, қызып тұрған үтік, жылан, тасыған өзен толқындары, пештің түтіні, пышақтың жүзі, айдаһар т. б.)
- Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойларыңды дәлелдеп, суреттеріңді қорғайсыңдар.

VІ. Данышпан ата кеңесі
- Данышпан атаның кеңесін бәріміз хормен оқиықшы. – Енді осы асыл сөздерді мәңгі жадымызда сақтап жүру үшін осы сөздерді дәптерімізге жазып алайық.
1. Әрбір істі ойланып, ақылға салыңдар!
2. Шыдамсыздық танытпай, ұстамды болыңдар!
3. Әр кезде де өз - өздеріңді жігерлендіріңдер.
Сабыр түбі – сары алтын. жүктеу


Скачать


zharar.kz