Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі
1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы. Оқушылардың ой - өрісін сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелігі. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ұлттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру сұрақ - жауап.
Түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Түгендеу, партаға дұрыс отыру, сабаққа зейін аударту.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
1. Я дыбысы қандай дыбыс?
2. Сұр қоян өлеңін жатқа айтқызу
3. Оқулықпен жұмыс: Кісі аттарын айтқызу
Мақсат қою тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу
Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)
Сергіту: Орман аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық,
- Бізге таныс емес қандай дыбыстарды естіп турсыңдар?- Ю(бір неше
Рет қайталап дыбыстау). Ю дыбыстан екі дыбыстан тұратыны туралы
Түсінік беру Ю дауыс, сырттан енген, и+у дыбыстарының қосылуынан
жасалады.
Айу - аю, ойу - ою,
Баспа және жазба түрімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс
Суретке қарап әңгімелеу
Бағандағы сөздерді оқытып, мағынасын ашу.
Аю қо ю құ ю сү ю е се ю а за ю
Ою қи ю тү ю кү ю үл ке ю кө бе ю
Ою мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.
Жақсы көрем өлеңін жаттау.
Дәптермен жұмыс
А) әріп элементтерімен таныстыру
Ә) ауада жазу
Б) тақтаға жазу
В) Дәптерге Ю әрпін жаздырту.
ІV. Қорытындылау, бағалау.
– Біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбыс және әріппен таныстық?
Ю – дауысты дыбыс, сырттан енген, и және у дыбыстарының қосындысынан жасалған.
Жоғалған дыбыс және әріп ойыны.
Со..., қо..., та..., а..., жи....
Үйге тапсырма. Ю дыбысы мен әрпі.