Дүниені дүр сілкінткен тарихта аты алтын әріппен жазылған ғалым

Скачать

Сабақтың танымдық мақсаты:
*Табиғи радоактивтілік құбылысы.
*Беккерель, Кюрилердің еңбектері туралы түсінік беру.
*Р активті сәулелердің қасиеттері түсіндіру.
*Р активті ыдырау заңдарын оқып – үйрену.

Радиактивтілік (лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) – орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма - кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы. Ядролық физиканың даму тарихына көз жүгіртсек, оның қайнар көзі 1886 жылы француз ғалымы А. Беккерель ашқан табиғи радиоактивтік құбылысынан басталады.
А. Беккерель уран тұзының фотопластинаға әсерін зерттеген. Тәжірибелер барысында ол мына құбылысты байқаған: уран тұздары тығыз қара қағазбен оралған фотопластинаға әсер етіп, оның қараюын туғызатын, өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді шығарады екен. Мұқият зерттеулер нәтижесінде Беккерель өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді уран атомының өзі, ешқандай сыртқы әсерсіз - ақ, өздігінен шығаратынын анықтады. Белгісіз сәулелердің заттармен әрекеттескенде:
1) фотопластинканы қарайтатыны, яғни химиялық әсерінің бары;
2) газдарды иондауы;
3) кейбір қатты денелер мен сұйықтардың люминесценциясын туғызатыны сияқты қасиеттері белгілі болды.
Бұл құбылысты зерттеу жұмыстары бірден басталды. Францияда 1898 жылы М. Склодовская - Кюри мен П. Кюри торий () элементінің өздігінен сәуле шығаруын ашты. Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элементті радиоактивті деп, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атауды М. Кюри ұсынған еді. Радиоактивтік латынның "radio" — сәуле шығару, "activus" — әрекетті деген сөздерінен алынған.
Мария Кюри ( Склодовская) 1867 жылдың 7 ноябрінде Варшада интеллигенттер семьясында туды. Оның әке - шешесі білімді, парасатты адамдар болған. Анасы мектеп директоры, ал әкесі Владислав физика және математика пәндерінің мұғалімі.
Мари алдына мақсат қоя білді. 1893 жылы физика ғылымдарының дипломын, 1894 жылы математика ғылымдарының дипломын алды.
Пьер Кюри 1859 жылдың 15 майында Парижде туды. Оның әкесі мен атасы - дәрігерлер. Ағайынды Жак пен Пьер жас күндерінен бастап – ақ ғылымға ынталы жандар болып өседі. Пьердің біліммен шұғылдануына әкесінің зор ықпалы тиеді.
1895 жылдың 26 июлінде ғылым тарихында сирек кездесетін одақ құрылды: Пьер мен Мари үйренді. Екі тамаша ғалым, екеуі де Нобель сыйлығының лауреаты атағын алғандар. Бұл кезде Пьер физика және химия институтының профессоры, ал Мари Кюри осы институтта еңбек ететін.
Пьер мен Мария Кюри замандастарына құлшына жұмыс істейтіндерімен қоса өз денсаулығын аса бір жауапкершілікпен қарайтындығы және де демалыс күндерін тиімді пайдалана білетіндіктермен естерінде қалған.
Ерлі – зайыптылар үшін демалу – ол Севеннаны велосипедпен шарлау еді. Олар Ла - Манштың бар жағалауын, Нуармутье аралдарын аралады.
Кейін, Пьер қайтыс болғаннан кейін де Мария Кюри екі қызымен кез - келген ауа - райында жаяу серуендеп, Күнделікті дене жаттығуларын жасауды тоқтатпады.
Алғашқы жылдары олар минералдардан радиоактивті заттарды бөліп алады, содан соң олардың сәулелерінің күшін өлшейді.
Бірақ радий өзінің сырын ашқысы келмеді, өзіне кұштар жандармен танысуға ешбір ыңғай көрсетпеді. Жұмыс күндері айларға, айлар жылдарға созылды.
1902 жылы, радийдің барлығы туралы айтылған болжамнан кейін қырық сегіз ай өткен соң, Мари ақыры жеңіске жетті. Ол таза радийдің бір дециграмын алды және оның атомдық салмағының 225 екендігін анықтады.
1903 жылы Пьер, Мария Кюрилер Беккерельмен бірге радиоактивтік құбылысы үшін Нобель сыйлығын алды.
1906 жылдың 19 апрелі. Жаңбырлы күн. Таңертеңгі сапырылыста жұбайлар бір – бірімен қоштасып та үлгере алмады. Пьер өз жұмыстарын бітіріп, Франция астанасының ең бір у - шу көшесінен өтпек болды. Өз ойымен болып келе жатқан ғалым екі арбакештің арасына қалай түсіп қалғанын білмей қалды. Әлемнің ең асылдарының бірі адамзаттың өшпес мақтанышы Пьер Кюри кенеттен апатқа душар болды, ол лезде жан тапсырды.
Қатты қайғы Маридің ішкі дүниесін төңкеріп тастады. Осы күннен бастап ол бүкіл әлемде жалғыз қалғандай болды. Мари қайысып барып қалпына келді.
1906 жылдың 6 мамырында Мариге ”профессор” атағы беріліп, ол Пьер үшін ашылған кафедраны басқаратын болды..
Мария, Пьер Кюрилердің ата - аналары балаларының ғылыммен айналысуына жол салған адамдар.
Ал олардың қыздары Ирен Жолио - Кюри (1897 – 1956) — Нобель сыйлығына күйеуі Фредерик Жолио - Кюримен бірге жасанды радиактивтік ашқаны үшін ие болған.
Ал екінші қызы Ева Кюри (1904 – 2007) — журналист, анасы туралы Мария Кюри атты кітаптың авторы. Генри Ричардсон Лабуассға тұрмысқа шыққан.
Ирен мен Фредериктің қызы Элен де атомдық физикамен айналысты, ал ұлы Пьер биологияны таңдады.
Мария Кюри сияқты ешқандай әйел – ғалым танымал болып көрген емес. Ол 10 премия мен 16 медальға ие болған. Мария Кюри 106 ғылыми мекемелер мен академиялардың, қоғамдардың құрметті мүшесі болып сайланған.
Париж университетінде профессор болып сайланған алғашқы әйел адам. 1914 — 23 ж. Париждегі Радий университетінде физика - химия бөлімін басқарды.
Нобель сыйлығымен екі рет (1903 ж. физика, 1911 ж. химия салалары бойынша) марапатталды.
Дүниені дүр сілкінткен тарихта аты алтын әріппен жазылған ғалым.
Мадам Кюри күйеуі мен өзі ашқан радиоактивті заттармен ұзақ мерзімді байланыста болған құрбандардың бірі еді. Ол 1934 жылы 4 шілдеде дүние салды.

Пән мұғалімі: Садыкова Эльмира Тулегеновна
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, № 20 ЖОББМММ

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz