Өткен сабақты бекіту, тиянақтау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әр түрлі жылдамдықтағы денелердің қозғалысына байланысты есептерді шығаруға оқушыны дағдыландыру. Өткен сабақты бекіту, тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушыларды белсенді шығармашылық жұмысқа баулу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының зейінін шоғырландыру ұқыптылыққа, дәлділікке, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: ұжымдық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық ойын, кестелер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Психологиялық дайындық
Шырылдайды қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Алға қадам бастаймыз.

Қызығушылықты ояту
Жасырын сөзді тап" ойыны
1есеп. Велосипедші 3 сағатта 20 км сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді?
2есеп. 7м с жылдамдықпен жүгірген спортшы 14 секундта неше метр жүгіріп өтеді?
3есеп. Ит 15м с жылдамдықпен жүгіреді. 8 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді.
4есеп. Автобус 68км сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақытта қанша километр қашықтықты жүреді?
5есеп. Саяхатшы 10минутта 92 м м жылдамдықпен неше метр жол жүреді?
6 есеп. Спорт машинасымен жарысушы тас жолда 78км сағ жылдамдықпен қозғалады. Ол 2 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді?
7 есеп. Велосипедші 2 сағатта 45 км сағ жылдамдықпен неше километр жүреді?
8 есеп. Мотоциклші 30км сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді?
9 есеп. Жеңіл машина 35 км сағ жылдамдықпен 2 сағатта неше километр жүреді?
Өткенді қайталау
Қозғалысқа байланысты ережелерді қайталайды және қозғалысқа байланысты ұғымдарға қарай сыныпты топқа бөлемін.
І топ Жылдамдық
ІІ топ Уақыт
ІІІ топ Қашықтық
Мағынаны тану
Оқулық бойынша топпен жұмыс

І топ Арасы 4О км болатын екі ауылдан бірдей уақытта бірінен – бірі қарама – қарсы бағытта екі шаңғышы жолға шықты. Бірінші шаңғышы12 км сағ жылдамдықпен, екіншісі 1О км сағ жылдамдықпен сырғанады. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады.

Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі
Өткізген: Лукпанова Ф. Р.

Бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс. жүктеу


Скачать


zharar.kz