Сабақтың мақсатымен, жоспарымен танысу

Скачать

Дайындаған: Мухаметгалий Амангуль
Математика 5 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
мақсаты:
Білімділік: оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ондық бөлшектерді қосу, азайту амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.
Сабақтың типі: қайталау, пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: ойын - сабақ
Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, ақпараттық технология, өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру: Сабақтың мақсатымен, жоспарымен танысу.
Үй жұмысын тексеру
Білімді бекіту
Үйге тапсырма
Қорытындылау. Рефлексия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспарымен, ойын шарттарымен таныстыру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру: 1018, 1019 дәптерлерін жинау
Фронтальды сұрақтар:
1. Төмендегі сандарды оқыңыздар: 3, 44; 12, 074; 1, 6; 47, 0002
2. Ондық бөлшектерді қосуда қандай ережені сақтауымыз керек?
3. Ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазуға бола ма? Мысал келтіріңіз.
4. Жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға бола ма? Болса түсіндіріңіз.
Қатесін табыңыз: тақтада көрсетіледі

1) 4 - 0, 456 -(0, 561+1, 44)+1, 657=3, 2
0, 561+1, 44=2, 001
4 - 0, 456=3, 544
3, 544 - 2, 001=1, 543
1, 543+1, 657=3, 2

2) 44 -(3, 91 - 0, 03)-(8, 5+1, 03)=30, 59
3, 91 - 0, 03=3, 88
8, 5+1, 03=9, 53
44 - 3, 88=40, 12
40, 12 - 9, 53=30, 59

3) 18, 3 -(7, 48+5, 07)- 5, 5=0, 25
7, 48+5, 07=12, 55
18, 3 - 12, 55=5, 75
5, 75 - 5, 5=0, 25

4) 100 - 19, 07 -(43, 9+16, 81)+0, 51=20, 73
100 - 19, 07=80, 93
43, 9+16, 81=60, 71
80, 93 - 60, 71=20, 22
20, 22+0, 51=20, 73

№1026
Назира бір сан ойлады. Ол санға 14. 8 - ді қосып, одан шыққан қосындыдан 3, 56 - ны азайтқанда 75, 29 саны шықты. Назира қандай сан ойлаған?
(X+14, 8)- 3, 56=75, 29
(X+14, 8) =75, 29+3, 56
(X+14, 8) =78, 85
х=78, 85 - 14, 8
х=64, 05

№1027
Координаталық сәуледе А нүктесіне 1, 3 саны сәйкес келеді. А нүктесінен оңға қарай 1, 5 бірлік қашықтықта В нүктесі белгіленген, ал солға қарай 0, 9 бірлік қашықтықта С нүктесі белгіленген. Координаталық сәуледе В және С нүктелеріне қандай ондық бөлшектер сәйкес келеді? Нүктелерді координаталарымен жазыңдар.
А(1, 3)
В(1, 3+1, 5) =В(2, 8)
С(1, 3 - 0, 9) =С(0, 4)

Теңдеуді шеш:
16, 5 - ( Х + 0, 34 )= 0, 49
Х+0, 34=16, 5 - 0, 49
X+0. 34=16, 01
X=16, 01 - 0. 34
X=15, 67

Төмендегі ондық бөлшектердің дұрысын тауып әлемдегі ең кішкентай құстың атын табыңдар:


Скачать


zharar.kz