Дәйексөздер (Цитата) 5 сынып
1. Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзіңде - өзің түсіну. Әл - Фараби
2. Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы. Х. Досмұхамедұлы
3. Сыртқы сұлулық толық болу үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек. В. Гюго
4. Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы. У. Гэзлит
5. Жақсы сөз – жарым ырыс. Халық мақалы
6. Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе! Кабуснамадан
7. Өзінең елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды. Байрон
8. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Халық мақалы
9. Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі. І. Омаров
10. Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді. Халық мақалы
11. Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен. Ф. Йүгінеки
12. Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді. Халық мақалы
13. Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді. Л. Н. Толстой
14. Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі. М. Жұмабаев
15. Ұстамдылық – әдептің ұстазы,
Ұстамсыздық – әлектің нұсқасы. Халық мақалы
16. Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан арқық ешкім жоқ. Ш. Уәлиханов
17. Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан шығатынын білген. Кабуснамадан
18. Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар. Ш. Уәлиханов
19. Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі. Ш. Айтманов
20. Барлық өмір қуанышы – шағармашылықта. Р. Роллан
21. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. А. Шопенгауер
22. Өзіңді танығың келсе,
Адамдардың ісіне қара.
Өмірді танығың келсе,
Өзіңнің жүрегіне үңіл. Ф. Шиллер
23. Адамның өмірде меңгерген білімі мен мақсат - мүддесі жақсылаққа бағытталған болса, оған іс - әрекет арқылы қол жеткізі білсе, ол - ең үлкен жақсылық. Аристотель
Дәйексөздер (Цитата) 7 сынып
1. Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ. Абай
2. Өзіне сен, өзіңнің күшіне сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең. Ә. Тәжібаев
3. Ештеңе де өзінен - өзі, ерік - жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі, соның ішінде берік адамның еркі – ғаламат күш. А. И. Герцен
4. Әр адамда сенген ісін орындауға жетерлік күш - қайрат болады. И. Гете
5. Бақыттың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағыттылуында, адамның өз мінез - құлқын, іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл - Фараби
6. Өзін - өзі білген ер бақытты,
Өзін - өзі билеген ел бақытты Халық даналығы
7. Бақытты болу дегеніміз - рақат сезімде жүру. Адам өмірінің басым көпшілігі жұмыспен өтеді, сондықтан алдымен істеген жұмысыңнан рақат ал. Өзіңді – өзің қадағала. Біреуге жәрдем беру рақатын сезін. М. Кемел
8. Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз
Ізгілікпен жасалмаса кемеңіз. Рудаки
9. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
10. Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра. Дж. Кеннеди
11. Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға! М. Шаханов
12. Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың. Халық даналығы
13. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат. Халық нақылы
14. Адамның су мен жер туралы ойлағаны - өзі туралы ойлағаны. Ш. Айтманов
15. Жер - ана жомарт ана тер төккенге Халық нақылы
16. Ғаламның ғажайып сыры - адамда Ч. Дъюк
17. Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын. Қ. Мырза Әлі
18. Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды. Қ. Мырза Әлі
19. Дәстүрін ел - жұртымның ардақтаймын,
Ежелгі ата - баба салтын сақтап. Халық өлені
20. Ата салтың - ұлттық қалпың. Халық нақылы
21. Ұлттың қамын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар. Р. Гамзатов
22. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. Халық нақылы
23. Жаңа астананың қаласы да, адамдардың санасы да жаңа болсын. Н. Назарбаев
24. Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер же жоқ. Ғ. Мүсірепов
25. Көңіліңді, бойыңды мөлдір таза бұлақтай ұста. Ы. Алтынсарин
Дәйексөздер (Цитата) 10 сынып
1. Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін – өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап – ақ, өзіңді тани аласың. И. Гете
2. Дүниедегі ең оңай нәрсе – кісіге ақыл айту, ең қиыны – өзіңді – өзің тану. Әл – Фараби
3. Кімде - кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жинағаны бар адам. Ондай кісі жаңа естіп, көріп білгендерін сынап, орынды – орынсызын бағанағы жиған нәрселеріне қарай есеп қылады. Бұлай еткен адамды ақылды дейміз. Абай
4. Ой деген – бір терең дария тұңғиық,
Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.
Ой деген – сел, онда құлан қағы жоқ,
Ой дегенің – таусылмайтын кермиық. М. Жұмабаев
5. Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ол әуелі ниет, күш, тәртіп керек. М. Әуезов
6. Мейірім, Ынсап, Әділет,
Шыдам, Шыншыл, Харекет
Түп қазығы – Ақ ниет. Шәкәрім
7. Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние. Платон
8. Әрқашанда таза болсын ар – ажданың жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін. Мұхаммед Бабыр
9. Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады. Леонардо да Винчи
10. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде! Мақал
11. Игілікке жетудің бір көзі – еңбек пен қанағат. Мақал
12. Бар екен деп аспа, жоқ екен деп саспа. Мақал
13. Ерге керек төзімділік күш – қайрат,
Тұру керек күн мен айдан нұр жайнап! Ж. Баласағұни
14. Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі. Б. Момышұлы
15. Өтірікші бірінші өзін алдайды. Халық нақылы
16. Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі. С. Мұқанов
17. Жастық арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық. Н. Хикмет
18. Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы. А. Линкольн
19. Жасы кіші ініні – ақылы артса, аға тұт.
Жасы үлкен ағаны – жақсы сыйлап жаға тұт. М. Әуезов
20. Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Абай
21. Адамдық борыш, ат үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін. Шәкәрім
22. Балам, халықтың ұлы болмасаң – менің де ұлым емессің. Ә. Бөкейханов
23. Отанның, өзінің халқын сүю, ғылым мен көркемөнерді сүю адамды ерлік істерге құмарттырады, ұлы шығармалар жасауға жол ашады. Қ. Жарықбаев
24. Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені. Мақал
25. Уақыт керуеніне бөгет жоқ. Мақал
26. Егер дұрыс пайдаланар болса, уақыт қашан да жеткілікті. И. Гете
27. Адамдағы білім, ақыл және жігер жақсылыққа, ізгілікті істерге, адамдарға деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс. Абай