Туынды сөздерді теріп жазу

Скачать

Тақырыбы: Жалғау
Мақсаты:
Білімділігі: Қосымшаның бір түрі жалғауды жаттығу арқылы білгізу.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Дағды: Сауатты, көркем жазу, түсініп орындау.
Көрнекілігі: Тірек – сызбалар, сауалнама, жеке суреттер, ребус, альбом.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дене, еңбек, бейнелеу, математика, дүниетану.
Түрі: аралас сабақ

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өтілгенді пысықтау.
Қайталау үшін: 1. Түбір және қосымша туралы ереже айтқызу, сурет арқылы сөйлем құру, жалғауларды атату.
2. Сауалнама 1 - 6
1 а, 2 ә, 3 б, 4 б, 5 ә, 6 а.
Туынды сөзді тап
а өнерлі
ә өнер
б ән
Түбір сөзді тап
а ботақан
ә бота
б қобызшы
Жұрнағы бар сөзді тап
а домбыра
ә арба
б ойыншық
Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап
а та - бал - дыр – ық
ә таб - ал - ды - рық
б та - бал - ды - рық
Бір буынды сөзді тап.
а дала
ә құрт
б көже
2 буын, 4 әріп, 5 дыбыстан тұратын сөзді тап.
а қияр
ә тақия
б сақина

ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз: Спорт - денсаулық кепілі. Қазақстандық чемпиондарды атату – тен, нан, дан, ден, нен жалғаулар екенін айту.
Тақтамен жұмыс: 1 - жаттығу: тан, ның, ге, бен.
Ауызша және өз бетімен орындату. 2 - жаттығу

Сергіту сәті: Ребус
5. Жеке жұмыс 3 - жаттығу бойынша мәтін құрастыру, жалғау жалғап сөзді жазу: Анасының, Сәуленің, күні, дастарханға, гүлдер, анасы.
Ауызша. 5 - жаттығу, тақтаға түбір сөз жазғызу: көп, ешкі, көк.

ІҮ. Үйге тапсырма.
4 - жаттығу, ережелерді қайталау.

Ү. Сабақты бекіту.
1. Ребус шешу.
2. Шығармашылық жұмыс.
1). Еңбек... нан... – тәтті
Жалқау... жан... – тәтті.
2) Ата... сөз... – ақыл... көз....
3) Ас ата... – нан.

3. Терме диктант. Туынды сөздерді теріп жазу.
Анам маған қамқоршы. Роза Рымбаева – әнші. Құмырсқалар – еңбекқор. Бұл – тойхана. Әкем – аңшы. Күй атасы – Құрманғазы.
Логогриф:
Жолда тасалар...
Бар ма іздеп...
Әзірше күн...
Барар жер әлі....
Шарада.
Бірінші буыны – құс, екінші буыны түс.
Шешуі: қазақ
Қазақ тілінің сөздік қоры өте бай. Тіліміздегі сөздердің түбірі мен қосымшасын меңгере білейік.
Шашу ойыны.
ІҮ. Бағалау, мадақтау


Скачать


zharar.kz