Ассоциациялау стратегиясы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: М. Әлімбаев Әнші Әміре
Сабақтың мақсаты: Негізгі идеяны ұғындыру.
1. Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен таныстыру. Негізгі ойды, идеяны ұғындыру
2. Оқушылардың ой - өрістері мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Әсемдікке, өнерге қызықтыру және өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО элементтері
Күтілетін нәтиже:
1. Әнші Әміре Қашаубаев туралы мәлімет алады.
2. Мәтінді мәнерлеп оқуды, мазмұндауды үйренеді.
3. Болжауды, өз пікірін айтуға үйренеді.

Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту фазасы. Бұл фазада еркін талдау стратегиясын қолданамын.
1. Еркін талдау стратегиясын қолданудағы мақсат:
Ой - өрісін, ән мен әнші не білетіндерін еске түсіру, ойын жинақтау.
Оқушыларды топқа бөлу, жетон тарату арқылы 4 топқа бөлінеді.
- Балалар, ән дегенде ойларыңа не келеді?
- Әнші дегенде ойларыңа не келеді?
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң - шері, қызық қуанышы.

ІІ. Мағынаны тану фазасында
Болжау стратегиясын пайдалану.
Әміре Қашаубаев туралы не білеміз?
Мақсаты: өз пікірін еркін айтуға, өз көзқарасын дәлелдей білуге, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Оқулықпен жұмыс.
Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу.
Топпен білім алуын қалыптастыру.
Болжай отырып мәтінді баяндау.
Тапсырмаларды топпен орындау

Сергіту сәті
Ұлылар Әміре туралы
Видеоролик

1 - топқа жуан сұрақ.
- Жазушы Әміренің сыртқы түрін неліктен қазақтың еркіндігін еске түсіреді деп жазып отыр?
- Сахнадағы жүрісі, өзін еркін ұстауы, киім киісі болашақта еркіндіктің боларын сездіреді.
2 - топқа жіңішке сұрақ.
- Әнді Әміре қалай айтады?
- Әнді жүрегімен шабыттанып айтады.
3 - топқа жуан сұрақ. — Сол кезде Әмірені мемлекет қайраткері Луначарский: Қазақ даласының бұлбұлы деп атаған. Қазіргі кезде қазақтың бұлбұлы атанған әншілерді білесіңдер ме?
- Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева.
4 - топқа жіңішке сұрақ.
- Әміренің әнін халық қалай тыңдайды?
- Халық сүйіп тыңдайды.
- Балалар, сендер орындалған әннен қандай әсер алдыңдар, жан дүниелеріңді, сезімдеріңді тебіренте алды ма?
Эссе жазу: Егер мен әнші болсам!

ІІІ. Ой толғаныс фазасында.
1. Ассоциациялау стратегиясы.
Мақсаты: мәтінді қалай меңгергенін анықтау.
Ассоциация әнші Әміре
Жетілдіреміз
Жүрегімен айтады
Әнді сүйеді
Шетелдерде
Шабыттанып жақсы көрген айтады
Талантты
Халық сүйіп тыңдайды
Дауысы зор
2. РАФТ стратегиясы.
Мақсаты:
Р – рөл журналист
А – аудитория оқушылар
Ф – форма интервью
Т – тақырып: Ән мен әнші.
(Журналист сұрақ қою арқылы сұқбаттасады).
1 - журналист:
1. Әнші Әміре Қашаубаев туралы пікіріңіз?
2. Сізге дәстүрлі әншілер ұнай ма, әлде эстрада әншілері ұнай ма?
3. Әміренің әнін жазушы нелерге теңеп айтып отыр?
3. Жарнама
Сауалнама.
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта кім туралы мағлұмат алдыңыздар?
Бағалау (бағалау парағы бойынша өзін - өзі бағалау, топтың бағалауы)

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нугманова Гулнар Есбергеновна

М. Әлімбаев Әнші Әміре жүктеу


Скачать


zharar.kz