Гигиена-денсаулықты сақтау

Скачать

Гигиена.
Гигиена-денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым, медицинаның бір саласы.Қоршаған ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейді, елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық салалар жүйесін жасайды.
Қазақстанда гигиеналық зегттеулер 1925 ж.Қызылорда қаласында өлкелік санитарлық бактериология институты ашылғаннан кейін басталып, Қазақ медицина институтының санитарлық гигиеналық факультетінде Семей, Қарағанды, Астана қалаларындағы медицина университетінің гигиена еафедраларында, Ортаазиялық шумадан арылту ғылыми зерттеу институтында дамытылды.
Б.з.б.1500ж. Мысырда, Хорезде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын орта ғасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі Дәрігерлік ғылымының конаны энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған.Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген.
1930-40 ж.елді мекендер, су, тағам гигиенасы зерттеліп, тұғын үй, мектеп тазалығы, өзен көл сулары санитарлық тұрғыдан тексерілді. Гигиена саласындағы зерттеулерді ҚР Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиасы үйлестіріп отырады.


Скачать


zharar.kz