Балабақшаға нан қалай әкелетінін бақылау

Скачать

Айналамен танысу
Тақырыбы: Ас атасы нан
Мақсаты: Дән тұқымымен таныстыру, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын, техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал – мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Білімділігі: Еңбектерінің жемісін көру.
Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, қырман, масақ.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап арқылы сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көрнекі құралдар: Нан түрлері, ұн және масақ.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Балабақшаға нан қалай әкелетінін бақылау.

Сабақтың барысы:
- Балалар сендердің көңіл – күйлерін қалай?
- жақсы
- Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер? Қол шапалақтау
- Ренжігенде (Қабақ түйеміз)
- Таң қалғанда (Көздерін бақырайту)
- Қуанғанда (Күледі)
- Ендеше біз – бірімізге жылы лебімізді білдірейік.
Күніміз жақсы болсын
Аспанымыз ашық болсын
Деніміз сау болсын
Күніміз сәтті болсын.
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда 4 мезгіл бар.
- Кәне атап шығайық
- күз, қыс, көктем, жаз
- Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
- қыркүйек, қазан, қараша
- Кәзір қандай ай?
- Кәзір қазан айы
Күз мезгілінде молшылығы көп жеміс – жидек пісіп, қамба астыққа толтырады.
Ал енді мына суретке назар аударамыз:
1 сурет. Мынау трактор, бұлар көктемде жерде жыртып, жыртылған жерге тұқым себеді.
Тұқым мынадай болады. Көрсету
Егін масағын көрсету.
2 сурет. Мынау егін орып жүрген комбайн, комбайн астықты жинап машинаға артады.
3 сурет. Мынау диірмен. Диірменнен ұн тартып шығады. Ұн мінекей мынадай болады. көрсету
4 сурет. Ұнды наубайханаға жіберіп, әр түрлі нандар шығарады, оны балабақшаға жібереді.
Тақпақтар
Күз
1 бала
Біреу астық түсіріп
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз
Алдым соны түсіріп

2 бала
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін

3 бала
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Сергіту

Берекелі, алтын күз
Бізге асық бересің
Ерінбесек балақай,
Үлкен болып өсеміз.

Ойын: суретті орны – орнына қою
- жер жыртқан трактор
- егін
- егін жинаған комбайн
- наубайхана
- Дүкендегі нандар

Мақал – мәтелдер
1. Ас атасы нан
Нан атасы дән
2. Еңбек түбі береке,
Көптің түбі мереке


Скачать


zharar.kz