Ертегідегі қарғаға қысқаша сипаттама бер

Скачать

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ (3 сынып)

Тақырыбы Құстар айтысы (үнді ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұны мен идеясын халқымыздың аталы сөздерімен байланыстыру арқылы талдап, негіз жасайды.
Өз ойларын айта алады, дәлелдейді. Шығармашылық, деңгейлік тапсырмаларды орындап өз біліктілігін арттырады.
Шығармашылық дағдыларын дамытады.
Ертегінің мазмұнын талдай отырып, ынтымақ, бірлікке достық қарым - қатынасқа тәрбиеленеді.
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.

Ойымызды айтайық,
Сабағымызды бастайық.
Мына тұрған қонақтар
Қалсын бір сәт марқайып.

Тіл арқылы биіктерге жетеміз,
Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.
Ана тілді қастерлесек, қадірлеп,
Болашақта самғай ұшып кетеміз.

Сабақтағы жұмыс ережесі
1. Топтағы оқушылар бәрі бірге жұмыс жасайды.
2. Топта бір оқушы жауапты, яғни басшы болады.
3. Тапсырманы бірге талдап, өз ойларымен бөліседі.
4. Талдау уақытында тәртіпті сақтау керек.
5. Тапсырманы дәл берілген уақытта аяқтау қажет.
6. Топ мүшелері кезекпен жауап береді.

Оқулықпен жұмыс:
Мағынаны тану
а Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.
ә Ертегі талдау.
1 топ: Құсбегі сөзін түсіндір.
2 топ: Құстар тордан қалай құтылмақ болды?
3 топ: Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді?
4 - топ: Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады?
5 топ: Құс аулаушы торды не істеді?

Шығармашылық тапсырмалар:
1 - топ: Ертегідегі қарғаға қысқаша сипаттама бер.
2 - топ: Торғайға қысқаша сипаттама бер.
3 - топ: Ертегідегі көгершінге қысқаша сипаттама бер.
4 - топ: Аталған құстардың біреуіне өлең құрастыр.
5 - топ: Құсбегіге қандай кеңес айтар едің?.


Скачать


zharar.kz