Қасым Аманжолов өлеңі
Су жағасында
Сарғая күтіп көктемді
Сап - сары боп су ақты...
Шынтаққа алып сексенді,
Жағада жалғыз шал жатты.
Су сарғайды ылайлы,
Шал қарғайды құдайды.
Көктем келді, сарысу
Бола қалды мөп - мөлдір.
Жылға бойы у да шу,
Жамырады жас өмір...
Сылқ - сылқ етіп су күлді, –
Шал бір ауыр күрсінді.
1946ж.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау