Достық тобының басшысы

Скачать

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру. Отанын елін туған жерін салт - дәстүрін ұмытпай құрметтеуге ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуге баулу.
Білімділік:
Оқушылардың пәнге тақырыпқа деген, қызығушылығын арттыру. Отанға туған жерге арналған әндер арқылы оқушылардың білімдерін көтеру.
Дамытушылық:
Топтық ойлау әрекетін қолдану. Алған теориялық білімдерін ойындар арқылы жинақтап ой - өрістері мен рухани мәдениетін эстетикалық талғамдарын анықтай отырып оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Балалардың музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезінуі және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып композиторлардың әндері мен музыкасы арқылы өз халқының әндеріне туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен білікті тексеру сабағы.
Сабақтың түрі: Топтық ойлау, ойын сабақ.
Сабақтың мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер:
1. Ой қозғау
2. Топтық жұмыс
3. Бейнеролик көрінісі
Пайдаланылатын көрнекіліктер:
1. Құралдар:
Магнитафон, интерактивті тақта, компьютер, маркер, маркерлік тақта, А 1 форматты қағаз т. б.
Көрнекіліктер:
Нақыл сөздер, жасырын сөздер, жасырын әуендер, слайд көрсетілімдері т. б.
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, валеология, география, дүниетану

Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Гимнін орындау салтанаты.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу. Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1 - топ Бейбітшілік 2 - топ Достық 3 - топ Тәуелсіздік Топ басшыларын сайлау.
Бейбітшілік тобының басшысы:
Достық тобының басшысы:
Тәуелсіздік тобының басшысы:
Оқушыларды өздері бағалау критерилері арқылы топ басшылары әр айналымнан соң бағаланып ұпай саны айтылып тұрады. Мұғалім жауап берген оқушыға нота кілтін беріп отырады.
Мұғалім: Енді мен сендерге бүгінгі сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.

1 - айналым: Миға шабуыл Ойлан тап деп аталды, яғни Қазақ кинофильмдерінен үзінділер көрсетіледі, сол фильмге қатысты сұрақтарға жауап беру.

2 - айналым: Сөз мерген деп аталады. Сөз тіркестері беріледі. Осы сөз тіркестерінің мағынасын айтып бересіңдер.
1. Ат құлағы көрінбейді (Алыс)
2. Науадан ағызды. (Молшылықты)
3. Салы суға кетті. (Көңіл күйі болмады)
4. Аяғынан тік тұрды. (Қонақтарды тізе бүкпей күту)
5. Шаң жуытпау. (Қорғау)
6. Ішін алдыртпады (Сыр білдірмеу)

3 - айналым: Ревю Білгіш болсаң тауып көр деп аталады. Яғни топ басшыларының қолдарына елімізге танымал адамдардың тізімдері беріледі, сол адамдардың атақ - даңқтарына байланысты топтары ол адамның кім екенін табу керек.
1 - топ Бейбітшілік тобының басшысына Ольга Шишигина, Асанәлі Әшімов, Қайрат Нұртас.
2 - топ Достық тобының басшысына Әміре Қашаубаев, Болат Сарыбаев, Илья Ильин.
3 - топ Тәуелсіздік тобының басшысына Ермек Серкебаев, Махамбет, Болат Саттарханов.

Мұғалім: Жалпы сұрақ Әуенді тап Берілген әуенді тыңдап. Ол ән қалай аталады? Авторы кім?
( Шәмші Қалдаяқовтың әні Ана туралы жыр ) Әнді бәріміз қосылып орындаймыз.
4 - айналым: Кім жылдам деп аталады яғни топ басшыларына әріптер беріледі. Сол әріптерден мұғалім оқыған сұрақтарға тез шапшаңдықпен берілген әріптерден жауап жазу керек.
1- сұрақ Музыкалық кілт қалай аталады? (Скрипка кілті)
2 - сұрақ Музыкалық әріпті ата? (Нота)
3 - сұрақ Роза Рымбаеваның атын шығарған ән? (Әлия)
4- сұрақ Нұрғиса Тлендиевтің еліне арнаған әні? (Өз елім)
5 - сұрақ Вальстің корольі кім? (Шәмші)
6 - сұрақ Күйді кім орындайды? (Күйші)
7 - сұрақ Күй атасы кім? (Құрманғазы)
8 - сұрақ Құрманғазының шәкірті. (Дина)
9 - сұрақ Біржанмен айтысқан кім? (Сара)

Жалпы сұрақ:
Елім менің әнін тыңдау. Сөзін, әнін жазған кімдер? Әнді хормен орындау
Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz