Химияның негізгі түсініктері мен негізгі заңдары
Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі.
Атом – химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.
Молекула – сол заттың химиялық қасиетін көрсететін заттың ең кішкене бөлшегі.
Жай заттар – құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.
Күрделі заттар – құрамына әр түрлі элементтер атомдары кіретін заттар.
Массаның атомдық бірлігі – 1 12 көміртегі - 12 атомының массасы (12С),
яғни 1, 6666× 10 - 27 кг.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы (Аr) – өлшемсіз шама, элементтің табиғи изотоптар құрамының орташа атомдық массасының көміртегі - 12 атомының 1 12 массасына қатынасына.
Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасы (Мr) – өлшемсіз шама, заттың табиғи изотоптары құрамының орташа массасының көміртегі – 12 атомының 1 12 массасына қатынасы.
Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі - 12 атомының 0, 012кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6, 02× 1023.
Заттың эквиваленті – 1моль сутегі атомдарымен (0, 5моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.
Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.
Химияның негізгі түсініктері мен негізгі заңдары. жүктеу