Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен мектеп - гимназиясы ағылшын тілі мұғалімі
Раметулла З. М.
9 сынып
Ата - аналар, оқушылар және мұғалімдер арасында мамандыққа бағыт - бағдар беру семинары
Семинардың тақырыбы: Алдымда мың сан таңдау, мың сан тарау
Мақсаты: Мамандықтар жөнінде мәлімет беру, қажетті мамандықтармен таныса отырып жаңа кәсіп көздерін ашу жолдарын қалай ұйымдастыру керектігін ата - аналармен бірге қарастыру
Семинар түрі: дөңгелек үстел
Семинардың әдісі: сұрақ - жауап, жағдаяттық сұрақтар, жоғары деңгейлі сұрақтар, ой қозғау, ойлау арқылы ойлану әдістері
Көрнекі - құралдар: мамандықтар жөнінде қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, бейне роліктер, үлестірмелі бетшелер, ата - аналарға арналған психологиялық тренинг сұрақтары.
Қатысушылар: оқушылар, ата - аналар, мамандар, мектеп - мұғалімдері және әлеуметтік - психолог.
Семинардың жүру барысы
І. Кіріспе
ІІ. Мен қызығамын
ІІІ. Бізден сұрақ, сізден жауап .
ІV. Жағдаяттық сұрақтар .
V. Ой түю
V І. Еңбекпен тапқан тиін
VІІ. Ойлау арқылы ойлану
VIІІ. Мамандардың кеңесі
IX. Қорытынды
І. Кіріспе
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді демекші мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Жүсіпбек Аймауытовтың Жан жүйесі және өнер таңдау еңбегінде Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұнын кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді.
ІІ. Мен қызығамын Әр оқушы өзінің қызығатын және қызықпайтын мамандықтардың атын атайды.
ІІІ. Бізден сұрақ, сізден жауап .
1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде?
4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласын ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
ІV. Жағдаяттық сұрақтар .
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата - анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
V. Ой түю Ой салу әдісі бойынша оқушылардың шығармашылығын шыңдау. Оқушылар топқа бөлінеді, әр топқа бір тақырыптан беріледі. Тақырыптар топ арасында талқыланып, мәтіннің моральдік пайымын табады.
1. І топ. Еңбекпен тапқан тиін
Ертеде шал мен кемпірдің жалғыз ұлы болыпты. Шал бір күні кемпіріне ойнап жүрген баласын көрсетіп: Кемпірім - ау, біздің баланың түрі, сиқы мынау, мен мұрамды кімге қалдырамын? – деп уайымдайды.
Кемпір мұны естіп алып, баласына әкеңе барып мына тиінді апарып бер, өзім еңбекпен таптым де, - дейді.
Баласы: - Ата, мен мына тиынды еңбекпен таптым – дейді.
Атасы: - Бұл сенің еңбекпен тапқан тиының емес, - деп тиынды отқа лақтырып жібереді. Бала бұған қөңіл бөлмей, ләңгісін ойнауға кетеді.
Жоғары деңгейлі сұрақтар:
1. Атасы неліктен тиынды отқа лақтырып жіберді?
2. Неліктен атасы бұл еңбекпен тапқан тиын емес деп айтты?
3. Ләңгі ойнау еңбекке жатпай ма?
4. Анасы баласына тиын беріп дұрыс жасады ма?
5. Өтіріктің құйрығы бір тұтам дегенге қалай түсінесіз?
2. ІІ топ. Еңбекпен тапқан тиін
Анасы ұлына: - Ұлым, сенің кешегі тиының еңбексіз ақша екенін шал біліп қойды. Енді саған мұрасын қалдыруды уайымдап отыр, сен одан да барып жұмыс істеп, ақша тап, - дейді.
Бала кетпен шауып, құдық қазып, ақша табады да әкесіне келіп:
- Әке мен мына тиынды еңбекпен таптым деп әкесіне береді. Әкесі тиынды және де отқа лақтырып жібереді. Оны көрген бала от ішінен тиынын алып:
- Әке, бұл менің еңбекпен тапқан табысым еді, не қылғаныңыз? – дейді.
Сонда әкесі:
- Сендім балам, еңбекпен тапқан екенсің, - деп баласының маңдайынан сүйді.
Жоғары деңгейлі сұрақтар:
1. Неліктен атасы мұрасын баласына қалдыруды уайымдап отыр?
2. Анасы дұрыс бағыт берді ме?
3. Неліктен бала кетпен шауып, құдық қазды? Басқа қандай жұмыстарды атқаруға болатын еді?
4. Бірінші рет лақтырғанда бала неліктен үндемей кете берді, ал екінші рет тиынды отқа лақтырғанда отқа қарай тұра ұмтылды?
5. Әкенің мұрасы балаға азық бола ала ма?
VI. Ойлау арқылы ойлану Топтарға суреттер беріледі. Суреттер бойынша өз ойларын айта отырып, жаңа кәсіп көздерін ашу үшін алғашқы қадамдарды жасау және тәуекелге бел буу арқылы қиындықтарды жеңіп шығу жолдарын қарастырады.
І топ. Алма ағашы