Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы,
"С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
математика пәнінің мұғалімі Темиртаева Асель
Математикадан 8 - 9 сыныптар арасында өткізілген "Менің отбасым және математика" атты ойын сайыс
Ойын - сайыс Менің отбасым және математика
Мақсаты: Ата - аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс - шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Команда құрамында: әкесі, шешесі, баласы және көмекші тобы.
Көмекші тобы: әр сыныптан 4 оқушы
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата - аналар, сынып жетекшілері.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер
Сайыс барысы:
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата - аналар мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Және олардың отбасының
Сәті келді сыналар.
1 - жүргізуші: Есепті түрлі - түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
2 - жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын
Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.
2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпене қол соғылады.
1 - жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
8 А сынып - отбасы
8 Ә сынып - отбасы
9 А сынып - отбасы
9 Ә сынып - отбасы
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, қымбатты оқушылар!
Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата - аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика - барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі Менің отбасым және математика атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық - түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге үйретеді, анасы қызымен бірге киім тігеді, рецепт бойынша ас әзірлейді.
Отбасы деген сөз орыс тілінде семья деп аударылады.
Семь дегеніміз жеті , Я дегеніміз мен . Сонымен семья деген сөз мен жетеумін деген мағынаны білдіреді. Бірақ қазіргі заманда жеті адамнан тұратын отбасы көп емес, сондықтан біз әр сыныптан көмекші ретінде 4 оқушыдан алдық.
Сонымен сайысымызды бастаймыз.
Сергіту
Әр командаға кезекпен сұрақ қойылады. Жауапты тез қайтару керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Егер команда жауап бере алмаса,
жанкүйерлер көмектеседі – онда жарты ұпай беріледі.
(0, 5 ұпай)
Есептер:
1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
2. Әкесі 30 жаста, баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады. ( ешқашан)
3. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8 - де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? ( 9)
4. Бір адамнан, қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
Менде қанша қызым болса, сонша ұлым бар. Әр ұлымда 3 қарындасы бар . Бұл отбасында неше бала? (6)
5. Алты ағайынды туралы, (Мальчик - с - пальчик) Перро ертегісінде автор не себептен екені белгісіз, бір отын кесуші (дровосек) отбасында жеті ағайын және әрқайсысында жеті қарындастан болғанын айтпапты. Сонда бұл ертегідегі отбасында неше бала болған? (14)
6. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар? (3) ата, әке, немере
7. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: Мен сенің анаңмын, бірақ сен маған ұлым емессің - дейді. Ол не дегені? (қызымсың дегені)
8. Бір азаматтың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович. Ол азаматтың аты - жөні кім?
(Владимир Николаевич)
9. Отбасында өмір бойы мен өзім жалғыз өстім
Бұл шындық, басынан аяғына дейін.
Бірақ суреттегінің ұлы,
Менің әкемнің ұлы
Суреттегі кім? (Менің әкем)
10. Күйеуі мен әйелі және ағасы мен қарындасы 3 алма алып, бірдей бөліп алды. Әрқайсысы қанша алмадан алды? (1) күйеуі, әйелі, ағасы (қарындасы)
11. Таяқтың екі басы бар. Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
12. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м - ден бөлу үшін, неше рет кесу керек? (9)
13. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
14. Ойыншылар шахматты 4 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? (4)
15. Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды.. Әрқайсысы неше партиядан ойнады? (2)