Сын есім туралы мағлұмат беру, сын есімге байланысты жаттығуларды орындау арқылы грамматикалық заңдылықтарды меңгерту

Скачать

"Сын есім, оның түрлері"
6 класс
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Сын есім туралы мағлұмат беру, сын есімге байланысты жаттығуларды орындау арқылы грамматикалық заңдылықтарды меңгерту.
2. Белсенді сөздік қорын молайту, өз білімдерін сын тұрғысынан бағалай білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін дамыту, логикалық ой - өрістерін кеңейтуге жағдай жасау, ізденімпаздыққа жетелеп, бағыт беру, уақытты үнемдеуге дағдыландыру, достық қарым-қатынасқа, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
3. Бір - біріне деген жауапкершілік сезімін арттыру,

Сабақтың көрнектілігі: топтық жұмысқа арналған сұрақтар, таблицалар, магнитофон, кубиктер, бағалау қағаздары,"Күн көзі", фонограмма, ертегіге арналған маскалар.
Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Кіріспе: Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Осы отырған топтарына қарай сұрақтар таратамын. Оқушылар осы сұрақтарға байланысты 2 - 3 сөйлем құрастырулары қажет. Бұл жұмысқа 3 минут уақыт беремін.
Мысалы:
Кім? Қайда? не істейді?
Не? қайда? не істейді?
Кімдер? қайда? не істеді?

Әр топ сөйлемдерін оқиды, зат есімді табады, егер септік жалғауында тұрса қай септік екенін анықтайды, топтың шешімі бойынша ең жақсы деп саналған бір сөйлемдерін тақтаға жазады.
Тақтаға жазып болған соң оқушылардың назарын сөйлемдерге аударамын. Осы сөйлемдерді қалай толықтыруға болады?,- деген сұрақтар қоямын. Оқушылар осы сөйлемдерге түрлі сөздер қосады, қандай? сұрағына жауап беретін сөз қосылғанда осы сөзді тақтаға жаңағы сөйлемнің арасына жазғызамын. Сөйлемдерді талдаймыз, жаңа сөздің қандай? сұрағына жауап беретінін анықтаймыз. Осыдан кейін балалар тақтадағы сөйлемдерді дөптерге көшіріп жазады.

Жаңа сабақ. Оқушылардың әрқайсысына таблица таратамын.
Не? ----------------- Түсі ----------------- Дәмі
Алма
Балмұздақ
Лимон
Қарбыз
Оқушылар сөздерді оқып, бос торкөзге олардың түсі мен дәмін жазулары қажет.
Балалар толтырылған соң жазылған сөздер оқылып,"Осы сөздердің барлығына не біріктіреді?" деген сұраққа жауап іздейміз.
(Бұл сөздердің барлығы қандай сұрағына жауап береді).

Осыдан кейін осы сөздермен сөйлемдермен құрастырып, тақтаға жазып дәптерге көшіреміз.

Жұппен жұмыс. Оқушылардың екі - екіден бөлу үшін оларға бес түске боялған он баланың күлкілі бейнесін таратамын. Олар түс бойынша екі - екіден сыңарларын тауып отырады.
Оқушыларға осы берілген түстер бойынша 6 сөйлем құрастыру жұмысы беріледі. Олар бұл сөйлемдерді алдын - ала дайындалған түрлі - түсті қағаздарда жазып, оны таратылған кубиктерге желімдейді. Оқушылар жұмыс істеген уақытта музыка ойнап тұрады.
Басқа балалар жұппен жұмыс жасаған уақытта оқу деңгейін сәл төмендеу бір оқушыға жеке жұмыс беремін. Өзім сол оқушыға көмек көрсетемін. Жұмыс аяқталған соң оқушылар бір - біріне сөйлемдерін оқып, қатесі болса түзетеді.
Сергіту сәті. Оқушылармен "Бағдаршам" ойынын ойнаймыз.
"Қызыл"- тоқтайды.
"Сары"- шапалақтайды.
"Жасыл"- жүреді.
Шатасқан оқушы ойынан шығады.

Шығармашылық жұмыс: Оқушыларды екі топқа бөліп, магнитофон арқылы "Мақтаншақ қоян" ертегісінің жартысын тыңдатамын. Оқушылар ертегіні өздері аяқтап және оны рөлдермен ойнап көрсетулері қажет. Бұл жұмысты бастамас бұрын оқушылармен қалай бағалайтынымызды "Бағалау қағаздарында" көрсетеміз. Бұл қағаз оқушыларға таратылады.
Ойнап болған соң, оқушыларға бағалау қағаздары арқылы бір - бірін бағалап, өз ойындарын сын тұрғыдан талдау жүргізеді. Соңынан ертегіні толығымен тыңдап, қай топ ертегінің шын нұсқасына жақын болғанын анықтаймыз.

Мақтаншақ қоян
Баяғыда бір қоян болыпты. Ол өте мақтаншақ екен.
Бір күні орманда барлық қояндар жиналады. Мақтаншақ қоян ортаға шығады. Менің құлағым ұзын, менің көзім үлкен, менің тісім үлкен. Мен күшті, мен батыр қоянмын. Мен ешкімнен де қорықпаймын, мен қасқырдан да қорықпаймын,- деді.
Бір уақытта қояндар тысыр естілді. Ең бірінші мақтаншақ қоян қорқып кетті. Ол бұтаға секірді. Бұтада қасқыр отырған еді.
Қоян қасқырдың көзіне құлады. Қоянды аңдып отырған қасқырдың көзіне ештеңе көрінбей қалды. Қасқыр қорқып, қашып кетті. Қояндар қайтадан жиналды да барлығы мақтаншақ қоянды ортаға алып:
- Сен батыр қоянсың, сенен қасқыр да қорқады,- деп мақтады.

Жаттығумен жұмыс. Оқушылардың барлығына жаттығу таратылады. Олар көп нүктенің орнына қандай? сұрағына жауап беретін қажетті сөздерді тауып, қоюлары керек. Жұмыс аяқталған соң жаттығу оқылып, қатесі болса түзетіледі.
Қалың орман. Жасыл ағаштың жанында қояндар жиналды. Ортаға кішкентай қоян шықты. Ол айтты: "Менің құлағым ұзын, көзім үлкен, мен батыр қоянмын"- деді. Бір кезде аш қасқырдың дауысы шықты. Қорқақ қояндар қашып кетті.... орман.... ағаштың жанына қояндар жиналды. Ортаға... қоян шықты. Ол айтты: Менің құлағым..., көзім..., мен... қоянмын"- деді. Бір кезде... қасқырдың дауысы шықты.... қояндар қашып кетті.
Өлеңмен жұмыс. Оқушылармен өткен сабақтарда үйренген Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" атты өлеңін еске түсіреміз. Осы өлеңдегі сын есімдерді табамыз.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеген,
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді - өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Оқушылармен қосылып осы әнді орындаймыз.

Қортынды: Сабақ соңында сын есім дегеніміз не? сұрағына жауап аламын. Оқушылар сабақ бойы алған білімдерін тиянақтай, қорытындылай отырып өз күштерімен ережені құрастырады. Соңынан ережені әр оқушыға таратып беремін, олар оқып, мысал келтіреді.

Рефлексия: "Күн көзі" ойынын ойнау. Оқушылар екі топқа бөлінеді, оларға ортасына "зат есім", "сын есім" деп жазылған күн көзінің ортасы және әр топқа 6 зат есім, 6 сын есім жазылған күн сәулелері таратылады. Қай топ бірінші болып әр күн көзіне оның сәулелерін дұрыс жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Егер уақыт қалса "Вен диаграммасын" жүргіземін.


Скачать


zharar.kz