Әйелдерге немқұрайды қарайтын
Еркекті мен санамаймын еркек деп. - Ш. Айтматов
Шынайы махаббаттың басты белгісі – құлай сүйген адамыңа ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез, жай сезімдерден айырмашылығы да сонда. Алтын қазақ қағидасы да: "Сенен артық жан жоқ деп, ғашық болдым, мен не болсам, болайын, сен аман бол" деп Абай бекер айтпаса керек.
Жарыңызбен жақсы қарым - қатынаста болғыңыз келсе төмендегі кеңестерге құлақ асыңыз.
• Жарыңызға ұнайтыны сіздің сыртқы келбетіңіз бен ішкі сұлулығыңыз. Ер азаматтардың көпшілігі сыртқы дүниеге аса мән береді. Осыны түсініңіз.
• Жарыңыздың алдында әдемі болып жүруге тырысыңыз.
• Маған неге сыйлық жасамады , - деп, ренжуден бұрын сіз онымен қандай қарым - қатынастасыз осы жағын ойлаңыз. Ер адамдардың көпшілігі табиғатынан ондай дүниеге қызықпайды. Әрине, бәрін олай деп айтуға болмас.
• Сіз де, жарыңызға тосыннан ашық хаттар мен түрлі сыйлықтар жасай біліңіз. Сіздің сүйіспеншілігіңізді сезінсін.
• Жарыңызға барынша шынайы болыңыз, көп әйел заты осыдан қателік жібереді, жасандылықтың соңы ажырасуға дейін апарады.
• Жарыңызды жақсы көретініңізді үнемі айтыңыз.
• Жарыңызға жақсы сөздер мен мақтауларды көбірек айтыңыз, оған ұнайтынына сеніңіз.
• Көңіл - күйі жоқ болса мазаламаңыз.
• Ер азаматтардың көпшілігі сіздердің хош иісті әтірлеріңізге қызығады, барынша хош иістеніп жүріңіз.
• Қолдарыңызға мән беріңіз, ер азаматтың қызығушылығы сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыз.
• Жарыңыздың алдында нәзік талдырмаш болыңыз.
• Еріңіздің айтқанына үнемі құлақ салып тыңдаңыз, сонда неге қызығатынын біле жүресіз.
• Шешім қабылдағанда жарыңызбен міндетті түрде кеңесіңіз, түсінбесеңіз қайталап сұраңыз.
• Дәмді тамағын уақытылы беруге тырысыңыз. Ер адамды дәмді тамақпен-ақ көңілін көтеруге болатынын білетін боларсыз.
• Тосын сый ұйымдастыра біліңіз.
• Әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін, күліп жүру кімге болса да жарасымды.
• Қиын сәттерде жарыңыздың жанынан табылыңыз.
• Құшақтағыңыз келе ме, құшақтаңыз. Құлағына сыбырлаңыз.
• Сізге сын мен пікір айтса, екінші рет қайталамауға тырысыңыз.
• Ренжіскен жағдайда үндемеңіз. Үнсіздікпен бір - біріңізді түсініңіз.
• Ұсақ-түйекке бола шу шығармаңыз. Ашулы болсаңыз одан өшіңізді алмаңыз.
• Отбасылық қиыншылықтарды бірге жеңуге тырысыңыз.
• Әрбір қарым - қатынастың бастамасы, шынайы көңіл мен мейірімді жүректе, бір ауыз сөзбен-ақ адамның көңілін көтеруге болады.
• Ер азаматты сыйлаңыз құрметтеңіз, кішіпейіл болыңыз.
• Көп сөздермен басын қатырмаңыз.
• Өтірікті ешқашанда айтпаңыз соңы қара түнекке бастайды.
• Ер азаматтың жүрегіне жол табудың құпиясы сіздің оған деген пейіліңізбен ақ жүрегіңіздің шынайылығында.
Дереккөзі: anabol. kz