Ақылдылар мен тапқырлар танымдық ойыны

Скачать

9 - 11 сынып оқушыларына арналған
Ақылдылар мен тапқырлар танымдық ойыны.
Мақсаты:
1. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру
2. Жас ұрпақтың ұлттық сана - сезімін, қоғамдық саяси ой - өрісін дамыту.
3. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Білімділік:
Тарихтың қайнар көздеріне тоқтала отырып, оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы алғыр және тапқыр оқ у ш ы н ы анықтау.
Тәрбиелік:
Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды қабілетін арттыру.
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: танымдық ойын Ақылдылар мен тапқырлар
Көрнекілігі:
Түрлі түсті таяқшалар, интерактивті тақта слайд – презентация , түрлі - түсті суреттер, Берел құпияларының реконструкцияланған суреттері, Радловтың, Ақышевтың фотосуреттері, жаңғыртпалар, безендірулер шар, түрлі - түсті топ аттары жазылған қағаз – парақшалар , Мемлекеттік Республикалық қазыналық кәсіпорын Берел Мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайының
Берел атты кітап көрмесі.
Қатысушылар: 9 - 11 сынып оқушылары, саны: 20, іріктеуден - 15 о қ у ш ы қатыса алады.
Жүргізушілер:
Тарих пәнінің мұғалімі ----------------------------
-----------------------------
Ойын бағдарламасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1 Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 9 - 11 сыныптар аралығында өткелі отырған Ақылдылар, тапқырлар танымдық ойынына қош келіпсіздер!

Бүгінгі жастар халқымыздың болашығы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтар ы н. дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын
Алғырлар, тапқырлар танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынымызға 20 о қ у ш ы қатысады, іріктеу кезеңінен 3 топ құрылып, әрбәір топта 5 оқушыдан 15 ойыншымен келесі негізгі кезеңдерге өте отырып, ойынды жалғастырады.
Шақыру, таныстыру
Мемлекеттік Республикалық қазыналық кәсіпорын Берел Мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайының саяхат жетекшісі
Ринат Серғазыұлы Мукатаевты ортаға шақыралық. Ойын мақсатын айту, түсіндіру.

Жүргізуші:
Қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болып, ортаға шақырайық.
11 Б (3 оқушы)
11 А (4 оқушы)
10 А (3 оқушы)

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
______________________________________________________
Іріктеу кезеңінің сұрақтары:
Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін
Құрметті сайыскерлер кезектесіп
Дұрыс жауапты біздерге берсе деймін
20 сұрақ - жауаптан тұрады.
1. Сақтардың өмір сүрген мерзімі? б. з. д VІІ - ІІ ғғ
2. Сақтар туралы жазған грек тарихшысы? Геродот
3. Геродот сақтарды қалай атаған? азиялық скифтер
4. Парсы жазбаларында сақтарды қандай үш топқа бөлген? тиграхауда, парадарайа, хаомаварга
5. Сақтардың баспанасы? күйме
6. Сақтарды басқарған әйел патшалар? Томирис, Зарина
7. Тиграхауда сақтары мекендеген жер? Оңтүстік – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қырғызстан жерлері


Скачать


zharar.kz