Мұхтар Шаханов
Арал қасіреті
Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,
Тау толқын төсінде тербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?
Қайырмасы:
Сенемін саған,
Тұрғанда аман
Адамдық күші, ой күші.
Аралым менің,
Жанарым менің,
Халқымның ұлы қайғысы.
Бұл өлке қалайша болады азап түнегі,
Ежелгі мұң - зарың аз ба еді, қазақтың елі?
Қайтемін, Аралым, бүгінде қалды сүлдерің,
Төзімі еліне ұқсаған көнбісім менің.
Аралым, күн туды басыңа дүрбелең – керең,
Кім ұқпақ, шалды, анау өзіңмен бірге өлем деген.
Безбүйрек ғасырың қағады қанатын үнсіз,
Бір жылда екі ұлын жоғалтқан ана тұр тілсіз.