Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең

Скачать

Орал қаласы, №33 орта жалпы білім беретін мектептің
математика пәні мұғалімі: Билялова Жазира Касимовна

Математикалық турнир

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеу,
белсенділігін дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге,
халқымыздың асыл қазынасын дәріптеуге, жылдамдыққа,
ширақтыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Кім көп біледі?
3. Логикалық есептер
4. Мақал - мәтелдер
5. Есепке кім жүйрік?
6. Қорытындылау
Барысы.
1. Ұйымдастыру бөлімі (оқушыларды топқа бөлу, топ аттарын анықтау, әділқазылар сайлау)

2. Кім көп біледі? сайысы
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

Әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескріледі.
І топ
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? диаметр
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? 1
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан 0
4. 9 - ға қарама қарсы сан - 9
5. - 99, 9 бен 1 қайсысы үлкен? 1
6. 0 - ден үлкен сандар оң сандар
ІІ топ
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 0
2. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? радиус
3. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен? 10
4. Екі санның қатынасы не деп аталады? пропорция
5. 0 - ден кіші сандар теріс сандар
6. Ең үлкен уақыт өлшемі? ғасыр

3. Логикалық есептер
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
І топ
7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?
100
1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?
Бірдей
3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты?
2 105
4. Сандар қатарындағы келесі санды тап?
20, 21, 23, 24, 26, 27, …
29
5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір - бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?
5. Дүкенде 16кг, 17кг, 40кг – дық қораптарға кәмпиттер салынған. Қораптарды ашпай - ақ Аяз Ата балаларға 50кг кәмпит сатып алуына бола ма?
16кг+17кг+17кг= 50кг
ІІ топ
3 әртүрлі сандарды алдымен қосты, одан кейін оларды көбейтті. Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды. Олар қандай сандар болғаны? 1+2+3=1х2х3=6
2. Студент кешкі сағат 10 - да
ұйықтауға жатар алдында, шырылдайтын сағатын келесі күні сағат 12 - де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдап оятқанша ол неше сағат ұйықтайды?
2 сағат
3. Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? 50

4. Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды?
Ит 20 жыл, түйе 30 жыл
5. Бір - бірімен белгілі байланыспен орналасқан сандар қатары берілген. Сандар байланысы ерекшелігін тауып, қатар жалғастыр, яғни келесі қай сан екенін анықта.
9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...? 10

4. Мақал - мәтелдер сайысы
Ал, балалар, балалар
Мақал – мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік
Төртбұрыштың орнына сан қойып, мақалды оқы

5. Есепке кім жүйрік? сайысы
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Берілген есептерді барлығы орындайды
Жұлдызшаның орына сан қойып, көбейтуді орында:
* 2 *
2 7
3 6 * 8
* * * *
* * * * *
2. 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең? 3 210 – 1 023= 2 187

6. Қорытындылау
Әділқазыларға сөз беріліп, жеңімпаз топты анықтау, марапаттау


Скачать


zharar.kz