Тақырыбы: Судың қасиеттері (тәжірибе жасау)
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану.
Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: әр балаға төрт стақан су, езілген бояу түрлері, қант немесе тосап.
Әдіс - тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Мотивациялық - қозғаушы
Балалар, біз кімдерді көріп тұрмыз.
Дұрыс айтасыңдар, біздің балабақшаға көп қонақтар келіпті екен.
Ендеше қонақтармен амандасайық.
Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендерге өзімнің жылы тілектерімді айтқым келіп тұр.
- Балақандар әрқашан дендерің сау болсын!
- Ешқашан жүздеріңнен күлкі кетпесін!
- Еліміз тыныш болсын!
Ал, балалар енді қонақтарға да тілектер айтайық.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Судың аққан дауысы естіледі.
- Балалар ненің дауысын естіп тұрсыңдар
Ендеше бүгінгі оқу қызметіміз судың қасиеттерімен танысуға арналады.
- Сендер су туралы не білесіңдер?
- Суды қайда қолданамыз?
Балалар бұдан қандай қорытынды шығаруға болады.
- Ия балалар сусыз өмір тіршілік жоқ. Сендер дұрыс айтасыңдар: өсімдіктерге де су керек, оларды үнемі суғарып тұру керек өйткені олар сусыз өліп қалуы мүмкін. Ал адамдарға су тамақ істеуге, жуынуға, ішуге керек. Ешқандай тірі зат сусыз өмір сүре алмайды.
Енді сумен тәжірибе жүргіземіз.
Балалар алдымызда тұрған не?
1 - тәжірибе.
- Шынының сыртынан қарайық. Ар жағы көрініп тұр ма?
- Иіскеп көрейік. Иісі бар ма?
- Енді дәмін татып көрелік. Не байқадыңдар?
2 - тәжірибе.
Енді бірінші ыдыстағы суға өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар.
- Не байқадыңдар?
- Демек, балалар, судың түсі, оған қоспа қосқанда ғана өзгереді екен.
3 - тәжірибе.
- Судың дәмін қалай өзгертуге болады? Дұрыс айтасыңдар, олай болса алдыларыңда тұрған қантты суға салып араластырыңдар. Дәмін татып көріңдер.
- Не байқадыңдар?
- Яғни, балалар, суға белгілі бір дәмі бар затты қосқанда ғана оның дәмі болады екен.
4 - тәжірибе.
Балалар алдымыздағы төртінші стакандағы суға сарымсақ салайық. Енді иісін иіскеп көрейік. Не байқадық?
Балалар мен сендерге тағы бір қызық көрсеткім келеді.
(балаларға мұзды көрсету)
- Бұл не?
- Қолымызға ұстап біраз тұрайық. Не байқадық? Қолымызды қағаз сулыққа сүрткенде
- Балалар бұл судың қатты күйі екен. Ол қалайша қатты болды?
- Дұрыс айтасыңдар су өте салқын жерде қатып мұзға айналады. Бұл судың қатты күйі.
- Енді мына стакандағы суды тәрелкеге құяйық.
- Бұдан не байқадық?
- Суды төгуге болады. Ол ағады, сұйық.
- Енді мына шәйнекке қарайық? Шәйнектен не шығып жатыр?
- Бу қайдан шықты?
- Яғни, суды белгілі бір температурада қайнатқанда буға айналады.
- Бұл іс - әрекеттен қандай қорытынды шығарамыз.
- Су қайнағанда буға айналып жоғалып кетеді екен.
Балабақша мұғалімі: Тойжанова Назгүл Нұрғазықызы
Судың қасиеттері (тәжірибе жасау). жүктеу