Аюдың тапсырмасы. Машаның тапсырмасы

Скачать

Математика 1 - класс
Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту кестесі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: 3 санын қосу және азайту кестесін құрып, есте сақтауға машықтандыру. Көрнекілік бойынша өрнек құрып, азайту амалымен тексеруге жаттықтыру, кестені өз бетінше толтыру. Есептің құрылымын қайталап, шешуін табу. Геометриялық фигураларды дұрыс атау.
2. Тәрбиелік: Өз бетінше еңбектенуге, шешім қабылдауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың көру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың оқыту - әдістері: көрнекі әдіс
Сабақтың көрнекіліктері: Пазла құрастыру, Слайд, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық кезең.
Мақсатымыз білім алу
Міндеттіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
5 - ке қолды жеткізу
3. Пазла құрастыру арқылы сабаққа кімдердің келгенін білеміз
- Маша мен аю сендерге қонаққа келді. Олар сендердің білімдеріңді бақылайын деп алып келген тапсырмалары мен сыйлықтары бар.
- Қане, дайынбыз ба?
4. Өткенді қайталау.
2 мен 3 - тің қосу кестесін жатқа айту

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Домино арқылы 3 - тің қосу және азайту кестесін қайталайық
2. Компьютерге кестені толтыру. санға 3 - ті қосу (17 - слайд)
3. Аюдың тапсырмасы: ( слайд18, 19, 20, 21, 22)
- Балалар, 3 саны туралы білгілерің келе ме?
Үш жұрт:
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт
Үш байлық:
Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.
Үш арсыз:
Күлкі арсыз, тамақ арсыз, ұйқы арсыз
Үш қуат:
Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
4. Машаның тапсырмасы. Ой қозғау. Амалдар таңбаларын қой
5 * 4 * 3* 2 * 1 = 3
5. Машанын тапсырмасы. Логикалық сұрақтарға жауап бер:
Екі сиырдың мүйізі нешеу?
Бес қойдың басы шешеу?
Үш адамның қолы нешеу?
Бес баланың аяғы нешеу?
Бір мысықтың аяғы нешеу?

6. - Маша ойын ойнағысы келіп тұр. Ойын Кім шапшаң? (30 - слайд)
Үш алманы бақтағы
Кірпі алып жинады
Ең әдемі біреуін
Ақ тиінге сыйлады
Ыдыстағы алманың
Санап көрші қалғанын? (2 алма)
7. Сергіту сәті (31 - слайд)
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп теріп алайық,
Аузымызға салайық!

8. 3 - тапсырма оқулықпен жұмыс. (32 - слайд)
Кесінділердің бірінен ұзын және екіншісінен қысқа кесіндінің түсі қандай? Одан 3см ұзын және 3 см қысқа кесінді сыз. Өзің сызған екі кесіндінің ұзындығын салыстыр.
9. Аюдың тапсырмасы: Сурет бойынша есеп құрастыр. ( 34 - слайд)
10. Машаның тапсырмасы: Геометриялық фигураларды ата (35 - слайд)
11. 4 тапсырма. 8+2 3+7 5+3 1+9 3+3 ( 36 слайд)
Қосындыларды салыстыр. Мәндері бір таңбалы сан болатын қосындыларды бірінші бағанға жаз. Мәндері екі таңбалы сан болатын қосындыларды екінші бағанға жаз.
12. Дәптермен жұмыс.
IV. Сабақты қорытындылау.
13. Тест
V. Үйге тапсырма 5 тапсырма 101 бет.
VI. Оқушыларды бағалау, мадақтау Маша мен аюдың бояғыш суреттерін сыйлыққа беру.


Скачать


zharar.kz