Тайыр Жароков (1908 - 1965)Тек таңғала қарайдыЖапырақ жұлып жаутаңдап, Тәкаппарсып түйелер, Жүр жатуға жай таңдап, Емес құмға үйелер

Скачать

Тайыр Жароков (1908 - 1965)

Тек таңғала қарайды
Жапырақ жұлып жаутаңдап,
Тәкаппарсып түйелер,
Жүр жатуға жай таңдап,
Емес құмға үйелер.
Толған сұлу нар қандай
Маңғаз басып ерінген,
Созған қара гармондай
Ырғай мойны иірілген.
Мойыны босап ақырды
Көрген түйе талайды,
Тек экскаваторға
Ол таңғала қарайды...
Қомын шомдап енді алыс
Жол шегетін түрі жоқ.
Машинаға ол алғыс
Айтар еді, тілі жоқ.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 а сынып оқушысы Бисенбаева Жаннұр


Скачать


zharar.kz