Абай ҚұнанбаевЖүрегім менің қырық жамауҚиянатшыл дүниеден

Скачать

Абай Құнанбаев

Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтып аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әрнеден.

Өлді кейі, кейі — жау,
Кімді сүйсе бүл жүрек.
Кімі — қастық, кімі — дау,
Сүйенерге жоқ тірек.

Кәрілік те тұр тақау,
Алдымызда айла жоқ.
Қайғысыздың бәрі — асау,
Бізге онан пайда жоқ.

Қан жүректі қайғылы - ау,
Қайырыла кет сен маған.
Қасиетін ойлан - ау,
Қам көңілдің тынбаған.


Скачать


zharar.kz