Сен досыңа сыйлық дайында

Скачать

Тақырыбы: Туған күн
Мақсаты: Тақырыпты меңгерту, тапсырмалармен жұмыс жасау. Ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндірмелі.
Түрі: Аралас.
Типі: Жаңа білім беру.
Көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Оларды тақта алдына шақырып, оларға сұрақ қоямын:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Қыста ауа райы қандай болады?
3. Қыс айларын атаңдар?
4. Бүгін қай күн?
5. Балалар бүгін 16 - ақпан күні біздің сыныпта екі мереке бар. Ол қандай мерекелер?
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, Еркежан мен Ираны туған күнімен құттықтайық.
- Құттықтаймыз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5 - тапсырма. Сөйлем құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Оқушыларға екі ақ парақ пен гүл жапырақшаларын беремін. Олар әр тапсырманы орындап болған соң, гүл жапырақшаларын жапсырып отырады. Сабақ аяғында ол гүлді туған күн иелеріне сыйлайды.
1. Кітаппен жұмыс. 187 - бет. Сөздікті оқып, сөйлемдер құрау.
Екі топ екі сөзге сөйлем құрайды.
2. 1 - тапсырма. Мәтінді оқып, аудару.
3. 2 - тапсырма. Суретпен жұмыс. Суретке қарап әңгіме құрау.
4. Ойын: Мен не сыйлаймын?
Мен бір әріпті көрсетемін, оқушылар сол әріптен келетін сыйлық ойлап табу керек. Мысалы: А – әрпі. Мен досыма айна сыйлаймын.
Әріптер: А, К, М.
5. 3 - тапсырма. Үлгі бойынша айт. Досыңа не сыйлайсың?
Кітап ------------- фломастер
Телефон --------- гүл
Қалам ----------- ойыншық
Мен досыма кітап сыйлаймын.
6. 4 - тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жаз.
Мен досыма сыйлық дайында...
Сен досыңа сыйлық дайында...
Ол досына сыйлық дайында...
7. 5 - тапсырма. Диалогты оқу.
8. Өзім туралы әңгіме құрау. Оқушылар аты - жөнін, туған күнін, қандай сыйлық ұнайтынын сұраққа жауап беру арқылы құрайды.

IV. Сабақты бекіту.
Оқушыларға сөздер беремін. Олар сол сөздерді дұрыс құрау керек.
1: Еркежан, туған, күніңмен.
2: Ира, туған, күніңмен.
Осы сөздерді кезекпен тақта алдына алып шығып, сабақ барысында жасаған сыйлықтарын туған күн иелеріне табыстайды. Туған күн иелерін оқушылар құттықтайды.
V. Үйге тапсырма. 1 - тапсырма. Мәтіннің түсінігін айту.
VІ. Бағалау.


Скачать


zharar.kz