Шығармалардың көркем тілін білу, сөз саптау ерекшелігіне баса назар аудару

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудағы ізденістер мен нәтижелер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зейнолла Шүкіров өмірі,шығармамашылығының маңызы жайлы түсінік беру, көркемдік ерекшелігін талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: сұрақ, тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыландыру, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушы бойында адамгершілік,ізеттілік,төзімділік қасиеттерін қалыптастыру,туған елін, ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, зерттеу, талдау
Сабақтың көрнекілігі:Ақынның портреті,интерактивті тақта , шығармалары,ақын туралы естеліктер, Қазақстан картасы,тірек сызбасы
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Жаңа сабақ.
а) Кіріспе.
Бүгінгі зерттеу сабағымызда нені ескеруіміз керек ? - дей келе, мына нәрселерді басты назарда ұстауымыз қажет екенін айтамын.
1. Оқушының алдын – ала ақын шығармаларын оқып білуі.
2. Қойылған сұрақ пен берілген тапсырмаға нақты жауап беруі.
3. Шығармалардың көркем тілін білу, сөз саптау ерекшелігіне баса назар аудару
4. Ақынның тіл шеберлігін нақты мысалмен көрсете білу.


Скачать


zharar.kz