Метан қатарындағы көмірсутектердің гомолог қатары

Скачать

Алкандар тарауы бойынша есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін, әртүрлі есептер шығару барысында пайдалана білу қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау, пән бойынша білім – білік дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылығы: тарау бойынша есеп шығаруда, есептің мазмұнын түсініп, талдап, керекті тәсілдері таңдауға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, уақытты бағалауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, есептеулер.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, дидактикалық үлестірме, тест нұсқаларынан есеп.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабаққа мақсат қою кезеңі:
Алкандар тарауы бойынша олардың Құрылысы, гомологтық қатары, алыну жолы, қасиеттері, қолданылуын қайталау арқылы есептер шығару. (Әр оқушыға бағалау парағын үлестіремін)

ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау
А) Ойды ой қозғайды (І балл)
1. Гомологтар дегеніміз не?
2. Метан қатарындағы көмірсутектердің гомолог қатары
3. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік көміртек атомдарын пентан молекуласынан көрсет 4. Метенның молекулалық, электрондық, құрылымдық формуласы 5. Метан молекуласының кеңістік пішіні
6. Метан молекуласының аралығындағы бұрыштар нешеге тең
7. Алкандардың физикалық қасиеттері
8. СН3СІ хлорметан қайда қолданылады.
9. ССІ4 тетрахлорметан қайда қолданылады.
10. Детонация дегеніміз не?

ІҮ. Білімді жан - жақты тексеру:
Ә) 1. нұсқау карточкасымен жұмыс (І балл)
Б) Білім инемен құдық қазғандай (ІІ балл )
Айналымдарды жүзеге асыру:
1. С — СН ₄— СН ₃Вr — С ₂Н ₆— СО ₂
2. Метан — хлорметан — бутан — дихлорбутан
3. Метанның құрамындағы көміртектің массалық үлесін есепте
Жауабы: W(C )= 75%
4. Сутек бойынша тығыздығы 15 ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.
Жауабы: С ₂Н ₆(этан)
5. Метанның, этанның ауа бойынша тығыздығын есептеңдер.
Жауабы: Dауа(СН ₄)=0, 55 Dауа(С ₂Н ₆)= 1, 03 Б) Даналықтың негізі - төзім (ІҮ балл)
1. Сутек бойынша тығыздығы 22 - ге тең 88г алкан толық жану үшін қажет оттектің (қ. ж.) көлемі
Жауабы: V(С ₃Н ₈)=224л
2. Көміртектің массалық үлесі 80%, ал ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1, 034 болатын көмірсутек - ол
Жауабы: С ₂Н ₆(этан)
3. 224л метанды айырғанда түзілген ацетилен толық жанғанда бөлінетін көміртек (ІҮ) оксидінің (қ. ж.) көлемі
Жауабы: V(СО ₂)=224л

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы,
Жамбыл атындағы орта мектебі
Химия - биология пәнінің мұғалімі
Айтмұқаева Гүлнара Жұмабекқызы


Скачать


zharar.kz