Балаларға саңырауқұлақ туралы түсіндіре отырып, ермексазбен саңырауқұлақты мүсіндеуге үйрету

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар әлемі
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім беру бөлімі: Мүсіндеу
Мақсаты:
1) Балаларға саңырауқұлақ туралы түсіндіре отырып, ермексазбен саңырауқұлақты мүсіндеуге үйрету.
2) Саусақ қимылдарын, сөздік қорларын арттыру.
3) Мүсіндеу сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдісі: Түсіндіру. Сұрақ - жауап. Ойын. Мадақтау.
Көрнекілігі: Ермексаздар, тақтайшалар, тақырыптық жылжымалы папка, саңырауқұлақтың макеті.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Таңғы жиын
- Қайырлы таң балалар, Бүгін күн қандай керемет, Қане барлығымыз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
Біз қандаймыз қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Жабырқауды білмейміз.
- Жарайсыңдар балалар. Осындай керемет күні өтетін біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: Саңырауқұлақтар әлемі деп аталады. Яғни бүгін біз саңырауқұлақтар туралы кеңірек мағлұмат алатын

Суретпен жұмыс.
- Балалар, мына суретке назар аударайықшы. Не көріп отырсыңдар?
- Кірпі қайда жүреді?
- Ол не істеп жүр екен?
- Ол нені көрді?
- Балалар, бұл саңырауқұлақ.
Саңырауқұлақ - ылғалды жерде өсетін қалпақ тәрізді қалқаны бар, гүлдемейтін өсімдік.
Жаңа тақырыпты көрнекіліктерді пайдалана отырып, түсіндіремін.

Сергіту сәті.
Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ,
Басында қалпағы бар.
Ормандағы жәндіктерге,
Жауын жауса пана болар.

Өнер орталығы
Балалардан саңырауқұлақты сипаттап, бөлшектерін атауды сұраймын.
Мүсіндеу әдісін түсіндіремін. Балаларға өздерінің саңырауқұлақ алаңын жасауды ұсынамын.

Дидактикалық ойын Тез құрастыр
Балаларға 2 бөлікке бөлінген саңырауқұлақты тез әрі дұрыс құрастыруды ұсынамын
Саңырауқұлақтың қалпағын және сабағын өз орнына қойып, саңырауқұлақты құрастырады.
Мадақтау, тамашалау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырту: Ұжымдық мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
Түсінуші: Саңырауқұлақ туралы түсінік алды.
Қолдануы: Саңырауқұлақты екі бөлікке бөліп мүсіндей білу.


Скачать


zharar.kz