Тақырыбы: Жарқыра шырша
ІІ кіші топтарға арналған Жарқыра шырша жаңа жылдық сценарий
Кейіпкерлер: Қыс, Аққала, Ақ қоян, Ақшақар, Аяз ата.
Музыка залына балаларды ерітіп тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған Жарқыра шырша атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Қане, қане балалар
Бәрің бермен қараңдар
Шырша қандай әдемі
Сәлеметсіңбе жасыл шырша
Тәрбиеші: Балалар шырша туралы қандай тақпақ білесіңдер
1) Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
2) Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
(балаларды орындарына отырғызу)
Тәрбиеші: балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты құлақ түрелік кім екен.
Әуен ырғағымен қыс келеді
Қыс: Ау, жарандар, ал жарандар
Жауып тұр қар себелеп,
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Сәлеметсіздер ме балалар?
Балалар: сәлеметсіз бе қыс мезгілі
Қыс: Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Тәрбиеші: Қош келдің қыс мезгілі. Бізбен бірге шырша шамын жағуға шақырамын.
Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген
Шырша шамы жан, жан 3 рет қайталау.
Тәрбиеші: Қыс мезгілі біздің балаларымыздың шыршаға арналған Кішкентай шыршамыз әнін бірге айтуға шақырамын.
ӘН: КІШКЕНТАЙ ШЫРШАМЫЗ (ШЫРШАНЫ АЙНАЛА)
Қыс: Ал балалар мен барып басқа балалардың шырша шамын жағайын. (әуенмен шығып кетеді)
(балаларды орындарына отырғызу)
Жарқыра шырша жүктеу