Оқушылардың қызығушылығын ояту барысында қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көпмүшеге бөлу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын қолданып бөлуді орындау, бөліндіде бүтін көпмүше шығатын жағдайды қарастыру.
Реттелген көпмүшені (ƒ(х)) бұрыштап бөлгенде бөлінді де бүтін көпмүше шығатын жағдайды қарастыру. Бір айнымалы бар (ƒ(х)) көпмүшесін (х+а) екімүшеге бөлгендегі қалдықты табуды үйрету. (Безу теоремасы)
Дамытушылық: Алған білімді есептер шығаруда, жаңа білімді бекітуде қолдана білу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, оларды шыдамдылыққа, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі, әдіс, тәсілдері: Жаңа білім беру сабағы, топтық жұмыс, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, бағалау парағы, интерактивті тақта

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
4. Қызығушылық ояту.
5. Жаңа сабақ түсіндіру.
6. Жаңа сабақты бекіту.
7. Топпен жұмыс жасау.
8. Тест жазу.
9. Сабақты қорытындылау.
10. Оқушылардың білімін бағалау.
11. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
2. Топ басшысын сайлау.
3. Балалар, бүгінгі сабақтың мақсаты қысқаша көбейту формулаларын қолданып бөлуді орындауды, реттелген көпмүшені бұрыштап бөлуді, бір айнымалысы бар көпмүшені екімүшеге бөлуді үйрену.
4. Оқушылардың қызығушылығын ояту барысында қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру.


Скачать


zharar.kz