Бөлуге қарсы амал

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі
Есептің жаңа түрін шешу жолымен таныстыру, ондықты аттап қосу мен азайтудың өтілген жағдайларын пысықтау.
2. Дамытушылығы
Жазбаша, ауызша есептеу дағдыларын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелігі
Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта көмегімен түрлі тапсырмалар, сызба, лента, суреттер

Сабақтың жүру барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың психологиялық көңіл – күйін көтеру.
Қайырлы күн достар!
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!

II Үй жұмысы
3. 17 - ( 5+5)
(40 + 20) – 50
100 – (60+20)
80 + (40 – 20)
(15 – 9) – 5
50 + (40 - 20)

III Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы азайтқыш сөзін шығарып алу.
1. Кем ұғымына қарсы ұғым
2. Амал
3. 16 - 10 айырмасы
4. Бөлуге қарсы амал
5. Үш ондық
6. Амал
7. 16 - 7 айырмасы
8. Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында

азайғыш 12 13 14 15
азайтқыш
айырманың мәні 3 4 6 9

Теңдеу шешу
12-х =9
x=12-9
x=3
13- x =5
x=13-5
x=8

14- x =7
x=14-7
х=7

12-3=9
9=9
13-8=5
5=5
14-7=7
7=7
Қорытынды: Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз.
Өз бетімен жұмыс
16 -...=8
12 -... =7
18 -... =9
10 -... =5
15 -... =5
16 -... =8


Тақтамен жұмыс
2. Шарты: Шешуі:
Ұзындығы – 60см 60 - 20=40см
Қалды – 20см
Қиып алынды -? см
Жауабы: 40см таспа қиып алынды.
Шарты: Шешуі:
Қиып алынды – 40см 40+20 =60cм
Қалды – 20см
Барлығы -? см
Жауабы: барлығы 60см.
Шарты: Шешуі:
Ұзындығы – 60см 60 – 40=20cм
Қиып алынды - 40см
Қалды -? см
Жауабы: қалды 20см
Данышпан ата бізге бірнеше тапсырма беріп жіберіпті. Білімімізді көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындауға тырысайық.
Логикалық жаттығу

Кім жылдам ойыны
13 -... =5
17 -... =9
12 -... =6
14 -... =10
16 -... =7
11 -... =9
15 -... =8
12 -... =9
13 -... =4
13 -... =7
16 -... =10

Әріптерді сызбадағы мәнге сәйкес тұсқа орналастыру.
(12-9)+10 Т
(6+9)-5 Ә
18-(5+4) У
60-(10+50) Е
(60-10)+50 Л
100-(50-30) С
9+(14-8) І
15-(10-3) З
(11-4)-7 Д
(13-5)+10 І
16-(4+6) К
13---10---9---0---100---80---15---8---0---18---6

Ерекше сөз Тәуелсіздік . Тәуелсіздіктің 20 жылдығы туралы айту. Тәуелсіздік туралы 2 оқушы өлең оқиды
Қорытынды.
Үйге тапсырма: №4, 5 53 бет
Бағалау.


Скачать


zharar.kz