Бірінші жүргізуші

Скачать

Күні___________
Сыныптан тыс шара
Тақырып: Алғыр химик
Мақсаты: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, жан жақты болуға тәрбиелеу, олардың шығармашылық белсенділіктерін жоғарылата, өздерінің білімдерін өмірде, практикада қолдана білуге баулу, жауапкершілікке, т. б. тәрбиелеу.

Барысы:
Ұйымдастыру
Пән мұғалімі іс шараның тақырыбы мен мақсатын айтып сөзді оқушыларға береді.
Бірінші жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді әрі білікті жас жеткіншек.
Сонымен ХХІ ғасыр білгірлерін – құрметті сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық.
(Сыныпқа жарысқа қатысатын 6 оқушы кіріп, орындарына отырады)
Екінші жүргізуші:
Ал құрметті сайыскерлер өздеріңіз туралы қысқаша айтып өтіңіздер.
(Әр сайыскер өзінің аты жөнін, сыныбын, ұстанымын қысқаша айтып шығады)
Бірінші жүргізуші:
Сонымен сіздерді бүгінгі Алғыр химик сайысының кезеңдерімен таныстырып өтейік. Ойын бес кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең Кім жылдам?
Екінші кезең Полиглот
Үшінші кезең Дода
Төртінші кезең Мықты болcаң, тауып көр
Бесінші кезең Тапқырлар
Екінші жүргізуші:
Ал, сайыскер балалар
Ойланып бір көріңдер
Сендерге сұрақ беремін
Толғанып жауап беріңдер.
Бірінші кезең Кім жылдам? ойынын бастаймыз. Сіздерге 1 минут беріледі, осы уақыт ішінде сұрақтар қойылады, қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгересің сонша ұпай аласыз, яғни әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай. Бірінші сайыскерден бастаймыз.

Бірінші жүргізуші:
1. Ең жеңіл газ? (Сутек).
2. Қандай металдарды сумен жандыруға болады? (Сілтілік).
3. Тірі организмдердің ауаны сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлу кезіндегі процесті қалай атайды?(дем алу)
4. Суда еритін негіздер (сілтілер)
5. Екінші периодтағы элементтер саны (сегіз)
6. Жылу мен жарық бөле жүретін құбылыс (Жану)
7. Н2О халықаралық атауы (сутек оксиді)
8. Лакмустың қышылдық ортадағы түсі (қызыл)
9. Жылу бөле жүретін реакция (экзотермиялық)
10. Жылу сіңіре жүретін реакция (эндотермиялық)
11. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс (оксид)
12. Қай реакцияның нәтижесінде екі немесе одан да көп заттар бірігіп, жаңа бір күрделі затқа айналады? (қосылу)
13. Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын қалай атайды? (айырылу реакциясы)
14. Ең ауыр металл? (осмий).
15. Реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсететін заң (зат массасының сақталу заңы)
16. Реакцияға кіріскен реакцияласушы заттардың қысқаша атауы (реагенттер)
17. Екі элементтен тұратын қосылыс (биэлемент)
18. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
19. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі(молекула)
20. Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді (сүзінді)
21. Ең жеңіл металл (литий)
22. Атомдар мен молекулалар туралы мағлұматтардың жиынтығын қалай атайды? (атом молекулалық ілім)
23. Тамаққа қолданылатын ас тұзының формуласы (NaCl)
24. Үш әріптен тұратын элементті ата (иод, бор)
25. Бірінші периодта орналасқан элементтер саны (2)

Екінші жүргізуші:
Бірінші кезең бойынша жиналған ұпайлар саны
Ұпайы ең аз сайыскермен өкінішке орай қоштасамыз, оған сәттілік тілейміз.
Бірінші жүргізуші:
Екінші кезең Полиглот ойынын бастаймыз. Әр сайыскерге жеке тапсырма оқылады. Жауабын үш тілде айта білуі керек. (қазақша, орысша, латынша). Дұрыс жауапқа он ұпай, толық емес жауапқа бес ұпай.
Екінші жүргізуші:
№ 1 сайыскерге сұрақ. Мақалды толықтыр.
Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық
Буланбас қайнатсаң да отынды үріп,
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып.
Жауабы: Сынап, ртуть, гитраргениум.
№ 2 сайыскерге сұрақ.
Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.
Жауабы: Қорғасын, свинец, плюмбом.
Бірінші жүргізуші:
№ 3 сайыскерге сұрақ.
Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас екен.
Жауабы: Күміс, Серебро, аргентум.
№ 4 сайыскерге сұрақ.
Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасан алтынға ұқсайды.
Жауабы: Күкірт, сера, сульфур.
Екінші жүргізуші:
№ 5 сайыскерге сұрақ.
Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар.
Жеңілдігін ескерсен пайдаланар жері табылар.
Жауабы: Алюмений, алюмениум.
№ 6 сайыскерге сұрақ.
Иісі, түсі, өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, оксигениум.
Бірінші жүргізуші:
Екінші кезең бойынша жиналған ұпайлар саны
Кезең соңында ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады.
Екінші жүргізуші:
Үшінші кезең Дода . Сіздерге тест сұрақтары беріледі, жауабын тапқан оқушы қолын көтереді, дұрыс жауапқа он ұпай.
1. К Мn O4 - тегі марганецтің валенттілігі.
1) ІV 2) V 3) VІІ
2. Ас тұзының молекулалық массасы.
1) 58, 5 2) 56 3) 58
Бірінші жүргізуші:
3. Ақ ірімшік тәрізді тұнба.
1) AgCl
2) BaSO4
3) Ag I
4. Көміртек (ІV) оксидіндегі көміртектің массалық үлесі.
1) 43% 2) 30% 3) 27%
Екінші жүргізуші:
Үшінші кезең бойынша жиналған ұпайлар саны
Кезең соңында ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады.
Екінші жүргізуші:
Төртінші кезең Мықты болсаң, тауып көр . Сіздердің алдарыңызда металдар берілген.
● 1) Au; 2) Zn; 3) Cu; 4) Ag; 5) Hg; 6) Fe.
Әр сайыскерге бір сұрақтан қойылады, әр сұраққа жауап осы металдардың біреуі болады. Егер бірінші сайыскер сұраққа жауап бере алмаса екінші сосын үшінші сайыскер жауап беруге мүмкіндігі бар.
Бірінші жүргізуші:
Латын тілінен аударғанда Таң мағынасын беретін металл (Алтын)
Екінші жүргізуші:
Осы металдардың ішіндегі сұйық агрегаттық күйдегі жалғыз металл (сынап)
Бірінші жүргізуші:
Темірді коррозиядан қорғауға жиі қолданатын металл (цинк)
Екінші жүргізуші:
Төртінші кезең бойынша жиналған ұпайлар саны
Бірінші жүргізуші:
Бесінші кезең Тапқырлар сайысы. Алдарыңызда берілген ұяшықтар ішінен біреуін таңдап жауап беру керексіз. Жауап бере алмасаңыз келесі сайыскер жауап бере алады.

Алғыр химик
1. Қай орыстың химигі ақын, геолог және географ болған? (Ломоносов).
2. Қандай элементтер күн жүйесіндегі планеталардың аттарына ие? (уран, нептуний, плутоний).
3. Ең көне қышқыл? (сірке қышқылы)
4. Неліктен қыста тұз себілген қар ериді? (қар ас тұзынан ериді себебі, ерітінділердің қату температурасы таза судыкінен төмен, ас тұзы үшін қаныққан ерітіндінің қату температурасы 21 градус)
5. Метеорология тұрғысынан судың 8 күйін атап беріңіз (бу, мұз, қар, тұман, жаңбыр, бұлт, қырау, бұршақ)
6. 6 металл берілген: алтын, темір, мыс, вольфрам, қорғасын, платна. Осылардың ішіндегі үшеуі сынапта батпайды? Олар қай элементтер? (темір, мыс, қорғасын).
7. Қандай қымбат қымбат әртүрлі химиялық процестер үшін күшті катализатор бола алады? (платина).
8. Қанттың ішіндегі ең тәттісі (Фруктоза. Ол сахарозадан 1, 7 есе тәтті.)
9. қандай көк қағазды және қалай бір мезгілде қызыл түске бояуға болады? (лакмус қағазын – қышқылмен).
Екінші жүргізуші:
Сонымен ойынымызды қорытындылайтын болсақ:
1 сайыскер
2 сайыскер
3 сайыскер
Барлық ойынға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Ұту ғана маңызды емес, қатысу да маңызды екенін ұмытпайық. Назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар.


Скачать


zharar.kz