Ерліктің арқауы Елдіктің бастауы – қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақ хандығындағы басқару ісі, хандықтың ішкі және сыртқы жағдайы, тарихи маңызы туралы түсінік беру. Керей мен Жәнібек билік саясатына түсінік беру, қазақ хандығы құрылған кезеңнен бастап билік құрған хандардың өміріне тоқталу.
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, карта, Керей мен Жәнібектің суреті. Қазақ хандығына байланысты жарық көрген кітаптар, видео фильмдер.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география.
Күтілетін нәтиже: Балалар тақырып бойынша мағлұмат береді. Топтық жұптық жұмыстарда өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді, Шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріледі, пікір алмасып, не білетінін нені білгісі келетінін анықтайды.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты қайталау
ІІІ. Негізгі бөлім.
ІV. Қорытындылау.
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын дайындау.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Өткен сабақтар бойынша пысықтау сұрақтары беріледі.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Балалар, біз бүгін сабақта Қазақ Хандығының құрылуының маңыздылығымен танысамыз. Бүгінгі сайыс сабағымызды бастамас бұрын топтарға бөлінейік.
1 топ Керей хан тобы
2 топ Жәнібек хан тобы
Сайыс шарттарымен таныстырып, сабағымызды жалғастырамыз.
Балалар, біз экранға назар аударып, Қазақ Хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хан туралы ертегі түрінде түсірілген бейнефильмді тамашалай отырып, бүгінгі сабағымызды ашып, ойымызды жинақтап алайық.
1. Кезең. Ой шақыру (5 минут) бүгінгі тақырыпқа байланысты видео фильмдер көріп сабақ тақырыбын ашу.
Қазақ хандығының құрылуына байланысты бейне фильмдер оқушыларға ертегі күйінде көрсетіледі.
2. Кезең: Ғажайып ұяшық (7 минут) сандарда бірнеше қазақ хандығына байланысты сұрақтар тапсырылады. Әр топтан қол көтеріп жауап берген оқушыларға 10 ұпай беріледі.
1. Жәнібек пен Керей қай жылы, қай жерге қоныстанды?
2. Жәнібек пен Керейдің қайсысы бірінші хан болды? Неліктен?
3. Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп, хандыққа көшіп барды?
4. Әбілхайыр хан білігіне наразылық неге күшейе бастады?
5. Жәнібек пен Керей не себепті Моғолстан жеріне көшті?
6. Қазақ мемлекетін қалыптастыруға басты себептерді атаңдар?
7. Сыр бойындағы қандай қалалар қазақ хандығына қарады?
8. Әз Тәуке ханның жарғысы туралы не білеміз?
9. Өзбек хандығы мен Қазақ хандығының сұлтандары қандай келісімге келді?
10. Қазақ хандығын басқарған соңғы хан?
3. Кезең: Тұлғаны тану даталар сөйлейді. (6 минут). Керей мен Жәнібек хандардан басқа да хандарымыз елдің іргесін бекемдеп, шаңырағын нығайту жолында жан аямай еңбек еткен. Сол кезеңдердегі барлық қазақ хандарының суреттер жасырылады, сол суреттерден билік құрған кезеңдеріне қарай тұлғаларды тану.
1. Әбілқайырхан 1718 - 1748 жж
2. Абылайхан 1771 - 1781 жж
3. Жәнібекхан 1428 - 1480 жж
4. Керейхан 1459 - 1473 жж
5. Тәукехан 1680 - 1718 жж
6. Қасымхан 1511 - 1518 жж
7. Есімхан 1598 - 1628 жж
8. Кеңесарыхан 1802 - 1847 жж
9. Жәңгірхан 1801 - 1845 жж
10. Хақназархан 1538 - 1580 жж
4 кезең: Эссе. Мен егер хан болсам (10 минут).
Бұл кезеңде әр топ эссе жазып, соны өздері актерлік шеберлігімен қорғап, оқып шығады. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі артып, тарихтағы кейіпкерлер образында сөйлейді.
5 кезең: Картамен жұмыс (2 минут). Қазақстан картасынан Қазақ хандығының туы тігілген жерді көрсетеді.
Қорытындылау. (6 минут). 5 кезең бойынша мәлімет беру.
Қазақ хандығының іргесі биік күш қуаты мен беделі артып, сөйтіп Қозыбасы жерінде ұлттық қазақ хандығының туы тігіледі. Міне, балалар, бүгін біз елдігіміз тәуелсіздігіміз үшін күрескен тарихи тұлғаларымыз хандардың өмірі, еңбектерімен таныстық. Қазақ хандығының басты мақсаты – қазақ тайпаларын біріктіріп, қазақ хандығын құру еді. Үш жарым ғасырдан аса тарихы бар қазақ хандығы ұлттық сипатта қалыптасқан мемлекет болып саналады. Қазақ хандығы іргесі берік, күш қуаты мен беделі артты. Сонымен, біз бүгін тәуелсіздігіміз үшін күрескен тарихи тұлғаларымыз хандардың өмірі, ерлігі, еңбектерімен таныстық.
Оқушыларды бағалау: (3 минут)
Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпай саны қорытындыланады.
Сайыс сабаққа қатысқан оқушыларға қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты дайындалған төс белгі таратылады.
Үй тапсырмасы (2 минут)
Интернет желісінен, әдебиеттерден тың мәліметтер іздеу, жинақтау.
Барлығы (45 минут)
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Аудандық Оқушылар Үйі Өлкетану үйірмесінің жетекшісі
Алишева Жанаркуль Журсиналиевна