Оқушыларды мемлекетіміздің белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру

Скачать

Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов Арғымақ өлеңі
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды мемлекетіміздің белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Арғымақ өлеңінің негізгі идеясы мен мазмұнын ашу.
• Оқушылардың сыни ойлау, баяндау, мәлімет мазмұнындағы ең негізгі белгіні анықтау дағдыларын дамыту;
• Қазақ әдебиетіне, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін оқушылар бойына сіңіруге ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, тірек сызбалар, қосымша материалдар,
Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
III. Сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру.

IV. Жаңа сабақ:
1) О. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына арналған оқулық мәтінімен оқушылар өз бетімен танысады. Жұптық жұмыс ұйымдастырылады:
Бірінші топ: мәтінге сұрақтар құрастыру;
Екінші топ: мәтін мазмұны бойынша тірек сызба жасайды;
Үшінші топ: мәтінге жоспар құрады;
Төртінші топ: мәтін мазмұнына арқау болатын тірек сөздерді теріп жазады;
Бесінші топ: сөздік жұмысы.

2) Сөздік жұмысы:
Қопарып шығу – перелистать, переворошить
Қоғамдық дағдарыс – общественный кризис
Өнеге – пример
Табыну – поклониться, преклониться
Қозғалыс жетекшісі – руководитель движения

Олжас Сүлейменов Арғымақ өлеңі, жүктеу


Скачать


zharar.kz