Туылған күнге арналған сыйлық түрлері

Скачать

Мереке сайын жақындарыңызды қуантып сыйлық сыйлау сыйлықты алушыға да сыйлаушыға да қуаныш сыйлайтыны рас. Қыз - келіншектерге арнап сыйлық таңдау оңай болуы мүмкін, ер адамдарға сыйлық таңдауда біраз қиындыққа тап болатынымыз рас. Өзінен сұрасаңыз ешнәрсе керек емес - деп жауап беру мүмкін алайда, ол сыйлық сыйламай-ақ қоюға болады деген сөз емес. Өйткені ер адамдар көбіне қандай сыйлық алғысы келетінін өзі де білмеуі мүмкін, бірақ сыйлық алғанды кім жек көреді?!

Сонымен, ер азаматтарға қандай сыйлық силауға болатыны туралы тізімді жасап көрейік. Негізі, сыйлықтың қандай мерекеге сай жасалып жатқанын ескеру керек. Егер туған күнге арналған сыйлық болса, сыйлығыңыз сапалы әрі бағалы болғаны жөн, сонымен қоса пайдалы әрі қолданатын зат болуы қажет. Иіссу немесе қырынуға арналған заттар сияқты жеңіл сыйлық болмауы керек, ондай сыйлықтарды жаңа жыл немесе 7 мамыр мерекелерінде сыйға тартуға болады. Туған күн мерекесі маңызды болып есептеледі.
Қандай сыйлық болмасын шын жүректен берілген сыйлық болса сыйлықтың ең қымбаты сол болмақ.

Туылған күнге арналған сыйлық түрлері:
▪ Компьютер немесе ноутбук (таңдай білетін адаммен бірге барып алған жөн)
▪ Жай фотоаппарат немесе цифрлық фотоаппарат (таңдай білетін адаммен бірге барып алған жөн)
▪ Киімдер: пальто, куртка, костюм, пиджак, бас киім, шалбар, (джинсы) шарф, жемпір, былғары қолғап.
▪ Пижама (жақын адамыңыз болса сыйлауға болады).
▪ Галстук сапалы түрін сыйлауға болады (егер қызметте істейтін адам болса)
▪ Белдік (таза былғарыдан болғаны жөн).
▪ Зергерлік бұйымдар: ерлерге арналған алтын немесе күміс жүзік (перстень), қол сағат
▪ Сөмке, барсетка, папка, дипломат, ноутбукке арналған сөмке.
▪ Кітап (Егер оқымысты адам болса, сирек кездесетін кітап сыйға тартсаңыз әбден қуанады деп ойлаймын.

7 май ерлер мерекесі немесе Жаңа жыл секілді мерекелерде жасалатын сыйлық түрлері:
Қол сағат
Иіссу (дезодорант)
Қырынуға арналған косметикалық құралдар жиынтығы мен ұстара
Белдік (былғары)
Галстук
Көйлек
Жеңілгек (запонка)
Қолшатыр және былғары қолғап
Көзілдірік (очки)
Монша және саунаға арналған құралдар жиынтығы
Ерлерге арналған косметика жиынтығы
Ванналық халат


Скачать


zharar.kz