Денсаулық еліне саяхат Құлыншақ тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы

Скачать

Тақырыбы: Денсаулық еліне саяхат
Құлыншақ тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Валеология
Тақырыбы: Денсаулық еліне саяхат
Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту, Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т. б.
Көрнекіліктер: Видеопроектор экранымен, Денсаулық бұрышы

Мотивациялық қозғаушы
Сәлем сөздің анасы
Жүректен жүрекке
- Жылдың қазір қай мезгілі?
- Күз неше ай қонақта болады?
- Күз айларын ата?
- Мына суреттерге қарап күзгі ерекшеліктерді атаңдар және суреттегі балаларға есімдер қойып олардың іс - әрекетін талдаңдар:

Іздену ұйымдастырушы Сайқымазақ: Балалар біз қазір “Денсаулық еліне саяхатқа шығамыз”. Ол жерде тек дені сау адамдар мен түрлі аң құстар тату - тәтті өмір сүріп жатыр екен. Ол жақта Салауат деген атай тұрады. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп, жазып жібереді екен.

Тәрбиеші: Балалар Салауат атай туралы білгілерің келе ме?

Салауат атай ол дәрігер адам. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп жазып жібереді. Мына суретте аюдың қолы, түлкінің аяғы, үйректің қанаты ауырады екен. Олар Салауат ағайға ем іздеп келіп жатыр. Ал маймыл болса ағайдың көмекшісі екен. Ол алдына келген науқастарды рет - ретімен, кезегімен жіберіп көмектесіп тұр екен.

Ал, мына жерде бір топ құстар: Тоқылдақ, үкі, торғай, тотықұс, кептер, үндік, тіпті ала қарға да келіп Салауат атайға өзінің алғыстарын айтқалы келіпті.

Балалар қараңдаршы мына аң, құстар бізді тектен - тек Салауат атаймен кездестіргісі келмей отыр. Олар бізге бірнеше сұрақтар қоямыз дейді. Егер сол сұрақтарға жауап берсек біз Салауат атаймен кездесе алады екенбіз.

МКҚК Айгүл балабақшасы
Тәрбиеші: Жақсылықова Айгүл
Денсаулық еліне саяхат жүктеу


Скачать


zharar.kz