Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру

Скачать

Сыныбы 5
Өткізілетін орны: Спортзал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау (Б)
алға, артқа домалауды жетілдіру.
2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.
Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.

Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсыртқызу.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу.
Секіріп бұрылу.
Жүру:
Аяқтың ұшымен, өкшемен,
Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен.
Отырып, жартылай отырып жүру.
Назар аудару жаттығулары:
- жүріс
- жүгіріс
- 360 градусқа айналып жүру
Спорт жүрісі
Жүгіру:
- Түзу аяқты алға көтеріп жұгіру.
- Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.
- Түзу аяқты жан – жаққа лақтырып жүгіру.
- Он жағымен жүгіру
- Сол жағымен жүгіру.
- Теріс қарап жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығуларын жүрісте жасау:
- Ж. Б: Қол құлыпта.
1 - 4 қолды оң жаққа айналдыру
1 - 4 қолды сол жаққа айналдыру
- Ж. Б: Қол құлыпта.
13. құлыпта ашпай алға жіберу.
14. Ж. Б.
15. – 1
16. Ж. Б.
- Ж. Б: Қол иықта.
1 - 4 алға айналдыру.
1 - 4 артқа айналдыру.
- Ж. Б: Оң қолды көтеру.
1, 2 қолды артқа сермеу
3, 4: қолды ауыстырып артқа сермеу.
- Ж. Б: Қолды жан – жаққа жіберу.
1, 2: қолдың ұшін айналдыру.
3, 4: шынтақты айналдыру
5, 6: қолды алға айналдыру
7 - 8 қолды артқа айналдыру
- Ж. Б: Қолды бүгіп кеуденің алдында ұстау.
1, 2: қолды артка жіберу.
3, 4: қолды түзетіп артка жіберу. Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1 - 4 басты оң жаққа айналдыру.
1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1, 2 денені оң жаққа бұру.
3, 4 денені сол жаққа бұру.
- Ж. Б: Аяқты аласа ашып қол белде.
1 - оң аяққа еңкею.
2 - ортаға еңкею.
3 – сол аяққа еңкею.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Аяқты ашып матта отыру.
1 – қолмен оң аяқтың бақайын тигізу.
2 – қолды алға жіберу.
3 - қолмен сол аяқтың бақайын тигізу.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Арқада жатып, қолдар жан – жақта.
1 – сол аяқпен оң қолды тигізу.
2 – Ж. Б:
3 – оң аяқпен сол қолды тигізу.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Ет бетінен жатып, қолдар жан – жақта.
1 – сол аяқпен оң қолды тигізу.
2 – Ж. Б:
3 – оң аяқпен сол қолды тигізу.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Н. Т.
1 - 4: оң аяқта секіру.
1 - 4: сол аяқта секіру.
1 - 4: екі аяқта секіру.

2. Негізгі бөлім
Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау (Б): Бір орында.
- Бір қатардан екі қатарға тұру.
- Екі қатардан бір қатарға тұру.
- Бір қатардан үш қатарға тұрып, қайта бір қатарға тұру.
Жүрісте:
- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.
- Бір – колонадан ортадан төрт колонамен жүру.
Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.
Алға, артқа домалауды жетілдіру.
Келтіру жаттығуларды жасау:
- Басқа тіреніп, оңға және солға айналдыру.
- Қолмен аяқты жинап, арқаны дөңгелетіп лодочка жаттығуды жасау.
- Алға жинақталып домалау.
- Артқа жинақталып домалау.
Секіртпемен ойындар.

3. Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұрғызу.
2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.
3. Ұйымдастырып қайтару.


Скачать


zharar.kz