Кеңсе тауарлары дүкенінде

Скачать

Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Дүкенде
2. Азық-түлік дүкенінде
3. Кеңсе тауарлары дүкенінде
4. Қаланың сауда үйлері
Сабақтың тақырыбы: Дүкенде

Жалпы мақсаты Жалпы дүкенде қолданылатын әрекеттер туралы түсініктерін дамыту. Дүкеннің қандай түрлері бар және олардың атқаратын қызметтері туралы мол мәліметтер алу. Сабақты сан есіммен ұштастырып оқушылардың ой - өрісін дамыта түсу.

Оқу нәтижесі: Дүкеннің түрлерін, ұқсастықтары мен олардың айырмашылықтарын ажырата алады. Өздігінен және уақыт үнемдей отыра, берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс істей алады. Ойларын ашық және жетік жеткізе алады. Тақырыпты өмірмен байланыстыра алады. Өзі өмір сүріп отырған ортадағы дүкендердің қандай қызметтер атқаратынын біледі.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топқа бөлу Сәлемдесу
Жүректен - жүрекке атты тренинг (сәттілік, жақсы тілектер тілеу) 2 мин.
Түрлі - түсті кәмпиттерін түстеріне қарай таратып, сыныпты үш топқа бөлемін

Негізгі кезең Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданып постер жасау (13 мин.) 4 минут қорғау

1. Мәтінді мәнерлеп оқу Дүкенде
Дүкеннің бірнеше түрі бар. Олар әмбебап, спорт тауарлары, азық - түлік дүкендері.
Дүкенге келгенде сыпайылық таныту қажет. Ең алдымен сатушымен амандасу керек. Өз сұранысыңызды дауыстап, тиянақты жеткізуге тырыс.
Бір нәрсе қажет болса, көрсетіңізші , қанша тұрады? деп анықтап алуға болады. (5 мин.)

2. Қызығушылықтарын ояту - Балалар, дүкен дегеніміз не?
- Дүкеннің қандай түрлері бар, онда нелер сатылады?
- Дүкенге барғанда өзіңді қалай ұстау керек?
(оқушыларға сұрақтар қою барысында жауаптар алу.)
(6 мин)

Сергіту сәтін өткізу 2 мин
3. Ой толғаныс - Егер менде әмбебап дүкені болса....
- Егер менде спорт тауарлары дүкені болса.....
- Егер менде азық - түлік дүкені болса....
Тақырыптарына байланысты эссе жазу (4 - 5 сөйлем)
Топта оқып, ең жақсысын таңдау. Стикерлер арқылы үш топ бір - біріне баға қояды.(7 мин.)

4. Рефлексия Не ұнады? Не ұнамады? (2 мин.)
5. Бағалау Критерийлер арқылы бағалау
6. Үй тапсырмасы Жаңа сөздерді пайдаланып, мәтінді мазмұндап келу.


Скачать


zharar.kz