Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру

Скачать

Сабақ тақырыбы: Одағай сөздер
Сабақ мақсаты: Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөйлем ішінен одағай сөздерді жаңылыспай табуға машықтанады.
Сабақ жабдығы: Оқулықтар, дәптерлер, керекті құралдар, слайд, үлестірме қағаздар, тб
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Психологиялық дайындық: Оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді, оқушылар топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру: 46 - жаттығу
(Мәтіннен шылауы бар сөйлемдер теріп жазылады, Абай, Ыбырай, Әбіш туралы сұрақ - жауап кезеңі, Абай мен Әбіш рөлінде диалог құралады.)

Өткенге шолу: Сәйкестендіру тапсырмасы:
Зат есім --------- Сегіз, он бес
Етістік --------- Үшін, туралы
Сын есім --------- Жүгірді, секірді
Сан есім --------- Мен, сен, ол
Есімдік --------- Қазір, түнде
Үстеу --------- Қызыл, көк
Шылау --------- Ахмет, Дана
Жаңа сабақ:
(Дәптер ауыстырылып, тақтамен жұмыс ұйымдастырылады.)
Топтық жұмыс:
І топ: Ережені түсіндіру
ІІ топ: (сөйлемдердің ішінен одағайларды табу)
Уа, бауырым, амансың ба?
Па, шіркін, жазушыдай суреттеп жібердің ғой өзің!
ІІІ топ: (Сөйлемдерге одағай сөздер қойып оқу)
Балжан - ау, мен ұмытып кетіппін.
Қоңырдың баласымысың?
Керекті сөздер: әй, япырмай
Мұғалімнің тереңірек түсіндірмесі:

Одағай
1. Негізгі одағайлар Ау, па, ей, әй, е, уа, уау,
Уай, я, пай, ә, о, охо, ой, тб
2. Туынды одағайлар Мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға, тб
3. Ишарат одағайлар Қәне, қанеки, ал, әйдә, тб
4. Жекіру одағайлары Жә, тәйт, тек, тб
5. Жануарларға арнап айтылатын одағайлар Шәйт, шек, құрау - құрау, пырс, көс - көс, мох - мох, тб
6. Шақыру одағайлары Ау, ей тб
7. Көңіл - күй одағайлары Алақай, бәрекелді, ура, әттеген - ай, пішту, бай - бай, тб
8. Императивтік одағайлар Сап - сап, әлди - әлди, әйда, әй - шай тб
9. Тұрмыс - салт одағайлары Хош, хайыр, ләббай, тб

Жұптық жұмыс
(оқулықпен жұмыс)
Шіркін, мына атқа мінер ме еді!
Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл.
Әттеген - ай, көре алмай қалдым - ау!
Е, тәйірі, кузектің шөбі бітуші ме еді?
Түу, қандай тымырсық түн!
Алақай, емтиханнан бес алдым!
Әттеген - ай, сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық!
Шіркін - ай, киноактер болсам!
Мәссаған, сен қашан келдің?
– Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба!- дейді.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу ауданының әкімдігінің
Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ
бастауыш сынып мұғалімі Камбарова Айнур Бекишовна
Одағай сөздер жүктеу


Скачать


zharar.kz